Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №93 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2015 ж.

    Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №93 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №93 «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақыcының мөлшерлемесін есептеу қағидаcын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 наурыздағы №3131 болып тіркеліп, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің 2015 жылғы 28 наурыздағы №12 (6169) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    Аудан әкімі

    Ә.Нәутиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.