Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелеріне көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2025 ж.

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемелеріне көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік), оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

    2. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 93-НҚ бұйрығының күші жойылсын.

    3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттігі аппаратының басшысына жүктелсін.

    5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Төраға

    Ж. Элиманов

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    Төрағасының

    2025 жылғы «26»мамырдығы

    № 176-НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне, оның аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесіне көлік қызметін көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

    р/т №
    Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы
    Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
    Жеңіл автомобильдер базасында
    жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде
    1 а/м жүру лимиті айына (км)
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
    24
    6
    2600
    2
    Саны 50 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    6
    1
    2600
    3
    Саны 50-ден 60 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    7
    1
    2600
    4
    Саны 60-тан 80 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    8
    1
    2600
    5
    Саны 80-нен 83 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    9
    1
    2600
    6
    Саны 83-ден 90 штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    10
    2
    2600
    7
    Саны 90-нан және одан жоғары штаттық бірлікке дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері
    12
    2
    2600
    8
    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы
    2
    1
    2600
    Ескертпе:
    * жеңіл, жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустардың шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.