Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 мамыр 2025 ж.

    Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 914 – 1 бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 – бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

    2. «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Ә. Әбілдаевқа жүктелсін. 

    4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға  жатады.

    Қала әкімінің м. а.

    Б. Бапышев

    Қала әкімдігінің

    2025 жылғы « 28 » мамырдағы

    № 460 қаулысына

    қосымша

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері
    Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдар
    1.
    Аумақты жинайтын жұмысшы
    «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ ШЖҚ «Теплокоммунэнерго» МКК
    2.
    Аумақты жинайтын жұмысшы
    «Семей Тазалық» ЖШС
    3.
    Аумақты жинайтын жұмысшы
    «Зеленстрой Семей» ЖШС

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.