Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгiлеу туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері осы шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына (келісім бойынша) жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Тойлыбаева

    Жетісу облыстық мәслихаты

    2025 жылғы 28 мамырдағы № 28-178

    шешіміне қосымша

    Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері

    1. Осы Жетісу облысында ортақ су пайдалану ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, « Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91244 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Жетісу облысында ортақ су пайдалану тәртібін белгілейді.

    2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;

    2) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

    3) шағын көлемді кеме – ұзындығы жиырма метрден аспайтын, борттағы адамдардың рұқсат етілген саны он екі адамнан аспайтын кеме, балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйрету, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да ұқсас жұмыстарды жүргізу, лоцмандық және мұзжарғыш алып өту үшін салынған немесе жабдықталған кемелерден басқа, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

    4) шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемді кемелер орналасатын, құрылыстары және іргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

    3. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

    4. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

    5. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

    6. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

    7. Ортақ су пайдалануға:

    1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

    2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

    3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

    4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

    8. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

    9. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

    Су объектілеріндегі көпшілік демалатын туризм мен спортқа арналған жерлерде жазатайым оқиғалардың алдын алу және суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №87573 болып тіркелген) (бұдан әрі – Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары) талаптарына сай келетін құтқару бекеттері құрылады.

    Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар жауапты болып табылады.

    10. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Жетісу облысының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

    Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

    11. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

    12. Облыстың, соның ішінде Жетісу облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш және Алакөл көлінің аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90598 болып тіркелген) (бұдан әрі-Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 бұйрығымен бекітілген Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №125577 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

    Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен Шағын көлемді кемелер тоқтауға арналған базалар (құрылыстар) пайдаланылады.

    13. База-тұрақ шағын көлемді кемелердiң қауiпсiз тұруын, шағын көлемді кемелердiң, моторлардың және басқа мүлiктердiң сақталуын, профилактикалық, жөндеу, кеме көтеру, тиеу-түсiру және басқа жұмыстардың орындалу қауiпсiздiгiн; адамдарды шағын көлемді кемелерге отырғызу (түсiру) қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

    14. База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш көтерген нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режим орнатылады.

    15. Су қоймасына шығуға база-тұрақ бойынша кезекшi рұқсат бередi.

    Шағын көлемді кемеге рұқсат бере отырып, кезекшi мыналарды:

    1) кеме жүргiзушiде кеме құжаттарының (кеме билеті) және шағын көлемді кеменi басқару құқығына куәлігінің болуын;

    2) жолаушы сыйымдылығы және жүккөтергiштiгi нормаларының сақталуын, шағын көлемді кемеде жүктердiң дұрыс орналастырылуын;

    3) шағын көлемді кеменiң жолаушы сыйымдылығы бойынша құтқару құралдарының болуын тексередi.

    База-тұрақтарда навигация кезеңiнде кезекшi-құтқару кемесi тағайындалады. Кезекшi-құтқару кемесi кезекшiлiк тәртiбiнде база-тұрақ бойынша кезекшiге бағынады.

    16. Шағын көлемді кемелерді база-тұрақтан шығару мынадай жағдайларда:

    1) кеме жүргізушіде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігінің, жыл сайын техникалық куәландырудан өткені туралы белгі қойылған кеме билеті болмаса (палубалы шағын көлемді кемелер үшін);

    2) борт нөмірінің болмауы немесе кеме билетіндегі жазбаға сәйкес келмесе;

    3) кеме жүргізушісінде кемені жүргізу құқығына құжат болмаса;

    4) кемеде, оны пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтар болса;

    5) кеме билетінде көрсетілген құтқару, өртке қарсы және су төгетін құралдары кемеде болмаса;

    6) жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтергіш нормалары бұзылса;

    7) қауіпті крен немесе дифферент тудыратын жолаушыларды (жүктерді) орналастырылса;

    8) егер кеме осы жүктерді тасымалдауға жатпаса немесе олардың тасымалдануы жолаушылармен бірге жүргізілсе, кемеде қауіпті заттар болса;

    9) егер су қоймасындағы болжанатын немесе нақты қолайсыз метеожағдай осы түрдегі кемеде жүзуге қауіпті болса;

    10) кеме жүргізушісі мас күйінде болса жүргізілмейді.

    17. Тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар ұйымдастырылады:

    1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақталады;

    2) халықтың шомылу аймағын Су айдындарындағы қауіпсіздік Қағидаларының талаптарына сәйкес қауіпсіздік белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалады.

    18. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалды.

    19. Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

    20. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Жетісу облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

    21. Жетісу облыстық мәслихатың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

    22. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

    23. Су пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдарынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

    24. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

    1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

    2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

    3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

    4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

    25. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

    1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

    2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

    3) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

    4) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

    5) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

    6) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

    Жетісу облысының су объектілерінде жалпы су пайдалану қағидаларына қосымша

    Жетісу облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар

    № р/с
    Су объектісінің атауы
    Ауылдық округ, ең жақын елді мекен
    Мекен-жайы
    Координаттар
    Координаттар арасындағы қашықтық
    шомылуға тыйым салынған учаскенің басталуы
    шомылуға тыйым салынған учаскенің соңы
    Талдықорған қаласы
    1.
    Балықты өзені
    Талдықорған қаласы
    Мерекелік саяжай қоғамы
    45.05227
    78.34465
    45.05312
    78.34889
    300 м
    2.
    Қаратал өзені
    Талдықорған қаласы
    Шайқорған саяжай қоғамы
    45.04348
    78.32909
    45.04278
    78.3275
    750 м
    3.
    Қаратал өзені
    Талдықорған қаласы
    Қызыл тас саяжай қоғамы
    45.04963
    78.33778
    45.0496
    78.33857
    800 м
    4.
    Балықты өзені
    Талдықорған қаласы
    1-ші бөлімшесі
    45.05827
    78.37135
    45.05813
    78.37104
    125 м
    5.
    Балықты өзені
    Еркін ауылдық округі
    Алматы – Өскемен тасжолы
    45.05678
    78.41723
    45.05588
    78.41111
    350 м
    6.
    Қаратал өзені
    Талдықорған қаласы
    Мерекелік саяжай қоғамы
    45.04885
    78.35356
    45.05496
    78.34932
    350 м
    7.
    Қаратал өзені
    Талдықорған қаласы
    Үйтас саяжай қоғамы
    44.96394
    78.41962
    44.9643
    78.41958
    980 м
    8.
    Балықты өзені
    Талдықорған қаласы
    Мерекелік саяжай қоғамы
    45.055522
    78.32435
    45.05503
    78.35106
    550 м
    Текелі қаласы
    9.
    Бурлежка №1 Алатау шағын ауданы
    Текелі қаласы
    Жағалау сорғы станциясы (Камарова көшесі бойында)
    44.858554
    78.767503
    44.858652
    78.767329
    28 м
    10.
    Чажа өзені
    Текелі қаласы
    Чажа платинасы
    44.862135
    78.805507
    44.861946
    78.805596
    20 м
    11.
    Бурлежка № 2 Достық шағын ауданы
    Текелі қаласы
    Каратал көшесінде су ағызу пункті
    44.862490
    78.751225
    44.862558
    78.751142
    7 м
    Ақсу ауданы
    12.
    Ақсу өзені
    Жансүгіров ауылдық округі,
    Жансүгіров ауылы
    Жансүгіров ауылы
    45.373256
    79.535572
    45.420676
    79.552730
    20 км
    13.
    Су қоймасы
    Жансүгіров ауылдық округі,
    Жансүгіров ауылы
    Жансүгіров ауылы
    45.390750
    79.533858
    45.390750
    79.533858
    2 км
    14.
    Қызылқайын тоғаны
    Есеболатов ауылдық округі,
    Қызылқайын ауылы
    Қызылқайын ауылы
    45.472579
    79.575761
    45.472579
    79.575761
    4 км
    15.
    Көкөзек тоғаны
    Жансүгіров ауылдық округі,
    Көкөзек ауылы
    Көкөзек ауылы
    45.470690
    79.472208
    45.470690
    79.472208
    4 км
    16.
    Қызылағаш өзені
    Қызылағаш ауылдық округі,
    Қызылағаш ауылы
    Қызылағаш ауылы
    45.367452
    78.731864
    45.392249
    78.745941
    10 км
    17.
    Алтынарық тоғаны
    Жансүгіров ауылдық округі,
    Алтынарық ауылы
    Алтынарық ауылы
    45.448311
    79.386312
    45.454834
    79.385376
    4 км
    Алакөл ауданы
    18.
    Тентек өзені
    Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы
    Үшарал қаласы, Қарабұлақ ауылы
    46.4740582
    80.901202
    45.748268
    80.870974
    61 км
    19.
    Шынжылы өзені
    Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы
    Қабанбай ауылы, Еңбекші ауылы, Жанама ауылы
    45.819250
    80.661075
    46.206058
    80.8881869
    55 км
    Ескелді ауданы
    20.
    Қант зауыты көлі
    Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы
    Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы Маметова және Достоевский көшелерінің аралығында
    44.917178
    78.500266
    44.915687
    78.495565
    1 км
    21.
    3-көпір
    Бақтыбай ауылдық округі
    Алматы-Оскемен тасжолы 245 шақырым
    44.918977
    78.249384
    44.918843
    78.249505
    300 м
    22.
    Қаратал өзені
    Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Қаратал өзенінің бойы
    Талдыкорган-Текелі тасжолы 8 шақырым.
    44.927095
    78.494577
    44.926939
    78.495360
    100 м
    23.
    Қаратал өзені
    Көкжазық ауылдық округі, Көкжазық ауылы, Қаратал өзенінің бойы
    Карабулак-Кокжазык тасжолы 7 шақырым.
    44.926023
    78.586927
    44.925726
    78.586337
    100 м
    Қаратал ауданы
    24.
    Қаратал өзені
    Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы
    Үштөбе қаласынан Жанаталап ауылына шығаберісінде
    45.220957
    77.963547
    45.22.1239
    77.960823
    300 м
    25.
    Суғармалы арна
    Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы
    Үштөбе қаласынан шығаберісінде Үштөбе жазуының қасында
    45.228979
    77.997363
    45.227867
    77.998226
    500 м
    26.
    Суғармалы арна
    Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы
    Төлеуқұл Батыр көшесінің бойында
    45.268224
    77.979013
    45.269443
    77.969656
    900 м
    27.
    Суғармалы арна
    Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы
    Бастөбе ауылынан шығаберісте
    45.264901
    77.991216
    45.265119
    77.98763
    200 м
    28.
    Суғармалы арна
    Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округі, Бастөбе ауылы
    Мұсабек көшесінің қасында
    45.263852
    77.997528
    45.263875
    77.997262
    100 м
    29.
    Суғармалы арна
    Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округі, Ескелді ауылы
    Ескелді ауылынан шығаберісте
    45.193664
    77.011060
    45.195585
    78.011539
    1,1 км
    30.
    Тентек өзені
    Жолбарыс батыр ауылдық округі, Калпе ауылы
    Калпе ауылынан шығаберісте
    45.100985
    77.918760
    45.088163
    77.910828
    800 м
    Кербұлақ ауданы
    31.
    Қарашоқы №1 тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Қарашоқы ауылы
    Қарашоқы ауылы манында
    44.1013283 77.9257719
    44.1002335
    77.9291461
    280 м
    32.
    Қарашоқы №2 тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Кербұлақ ауданы
    Қарашоқы ауылы манында
    44.0917793 77.9426705
    44.0894518
    77.9462895
    400 м
    33.
    Қарашоқы №3 тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Қарашоқы ауылы
    Қарашоқы ауылы манында
    44.0867600 77.9511496
    44.0862210
    77.9534185
    210 м
    34.
    Еңкөл тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Басшы ауылдық округі
    Басши-Нұрым тасжолы 2 шақырым
    44.1102299 78.7383207
    44.1088537
    78.74325519
    500 м
    35.
    Аралтөбе тоғаны
    Кербұлақ ауданы
    Басши ауылдық округі
    Актөбе ауылының маңында
    44.0517441 78.7474573
    44.0481984
    78.7506421
    400 м
    36.
    Сайлыкөл тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Сайлыкөл ауылы
    Сайлыкөл ауылы
    44.4280719 78.2856670
    44.4277922
    78.2894734
    300 м
    37.
    Жаманбұлақ тоғаны
    Кербұлақ ауданы,
    Жайнақ ауылдық округі
    Сарыөзек-Көктал тасжолы 51 шақырым
    44.2625993 78.4865172
    44.2591299
    78.4890144
    400 м
    38.
    Шаған тоғаны
    Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы
    Шаған ауылы
    44.4434545 78.5302285
    44.5356184
    78.5356184
    410 м
    39.
    Матай тоғаны
    Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы
    Шанханай ауылы
    44.2311683 78.2753335
    44.2306489
    78.2764657
    100 м
    40.
    Көксу өзені
    Кербұлақ ауданы, Көксу ауылы
    Көксу ауылы
    44.6740770 78.9298136
    44.6413535
    78.8903464
    4 км
    41.
    Көктал өзені
    Кербұлақ ауданы, Көктал ауылы
    Көктал ауылы
    44.5929120 78.9927550
    44.6070685
    78.9268863
    5 км
    42.
    Кескентерек өзені
    Кербұлақ ауданы, Шұбар ауылы
    Шұбар ауылы
    44.5441807 78.9856277
    44.5483623
    78.9720852
    800 м
    43.
    Быжы өзені
    Кербұлақ ауданы, Қаспан ауылы
    Қаспан ауылы
    44.4896937 78.2708817
    44.4922658
    78.2690273
    400 м
    44.
    Майтөбе өзені
    Кербұлақ ауданы, Сарыөзек-Көктал тасжолы 15 шақырым
    Сарыөзек-Көктал тасжолы 5 км
    44.3950666 78.1443136
    44.3824327
    77.1532051
    500 м
    Көксу ауданы
    45.
    Көксу өзені
    Көксу ауданы, Балпық би ауылы
    Балпық би ауылы
    44.891 700
    78.257375
    44.920 421
    78.210 912
    5,5 км
    46.
    Быжы өзені
    Көксу ауданы, Айнабұлақ станциясы
    Айнабұлақ станциясы
    44.613 756
    77.998 233
    44.636 515
    77.999 323
    2,8 км
    47.
    Мұқаншы өзені
    Көксу ауданы, Мұқаншы ауылы
    Мұқаншы ауылы
    44.875 073
    78 067 489
    44.879 658
    78.047 139
    2 км
    Панфилов ауданы
    48.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы, Жаркент қаласы
    Сарөзек-Көктал-Қорғас тасжолы көпірден 2 шақырым солтүстікке, 3 шақырым оңтүстікке қарай
    44.173 400
    79.987 603
    44.157 740
    79.977 782
    5 км
    49.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы,
    Еңбекші ауылы
    Еңбекші ауылының шығысында
    44.204 179
    79.973 875
    44.199.163
    79.973.103
    1 км
    50.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы,
    Талды ауылы
    Талды ауылының батысында
    44.299 996
    79.889136
    44.282428
    79.890561
    2 км
    51.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы,
    Диханқайрат ауылы
    Диханқайрат ауылының шығысында
    44.119062
    79.968587
    44.112625
    79.961178
    400 м
    52.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы,
    Шолақай ауылы
    Шолақай ауылының батысында
    44.094438
    79.961471
    44.088448
    79.956404
    2 км
    53.
    Өсек өзені
    Панфилов ауданы,
    Жиделі ауылы
    Жиделі ауылының батысында
    44.003968
    79,987153
    44.000461
    79.989252
    450 м
    54.
    Қорғас өзені
    Панфилов ауданы,
    Басқұншы ауылы
    Басқұншы ауылының шығысында
    44.349122
    80.385950
    44.331598
    80.390030
    1 км
    55.
    Қорғас өзені
    Панфилов ауданы
    Қорғас ауылы
    Қорғас ауылының шығысында
    44.227857
    80.394545
    44.222413
    80.392123
    1,7 км
    56.
    Шежін өзені
    Панфилов ауданы,,
    Ават ауылы
    Ават ауылының солтүстігінде
    44.182223
    80.158081
    44.129311
    80.157880
    540 м
    57.
    Шежін өзені
    Панфилов ауданы,
    Ақкент ауылы
    Ақкент ауылының шығысында
    44.182223
    80.158081
    44.129311
    80.157880
    540 м
    58.
    Шежін өзені
    Панфилов ауданы,
    Атамекен ауылы
    Атамекен ауылының солтүстігінде
    44.222173
    80.1741127
    44.226330
    80.191716
    1,6 км
    59.
    Тышқан өзені
    Панфилов ауданы,
    Жаркент қаласы
    Жаркент қаласы шығысында
    44.210594
    80.055865
    44.196767
    80.046602
    2 км
    60.
    Тышқан өзені
    Панфилов ауданы,
    Сүптай ауылы
    Сүптай ауылының батысында
    44.256710
    80.089713
    44.253624
    80.089774
    1,2 км
    61.
    Тышқан өзені
    Панфилов ауданы,
    Жиделі ауылы
    Жиделі ауылының солтүстігінде
    44.014675
    79.986471
    44.001017
    79.989375
    2 км
    62.
    Тышқан өзені
    Панфилов ауданы,
    Головацкий ауылы
    Головацкий ауылының шығысында
    44.240673
    80.026660
    44.234529
    80.025222
    1 км
    63.
    Тышқан өзені
    Панфилов ауданы
    Үлкеншыған ауылы
    Үлкеншыған ауылының шығысында
    44.176703
    80.108845
    44.167381
    80.108457
    1,3 км
    64.
    Бурхан өзені
    Панфилов ауданы,
    Жерұйык ауылы
    Жерұйык ауылының батысында
    44.200413
    79.988079
    44.195331
    79.986950
    1 км
    65.
    Бурақожыр өзені
    Панфилов ауданы,
    Жаркент-Арасан ауылы
    Жаркент-Арасан ауылының шығысында
    44.335802
    79.790348
    44.333046
    79.790053
    1 км
    66.
    Бурақожыр өзені
    Панфилов ауданы,
    Көктал-Арасан ауылы
    Көктал-Арасан ауылының шығысында
    44.331785
    79.790023
    44.329310
    79.793875
    1 км
    67.
    Бурақожыр өзені
    Панфилов ауданы,
    Үлкенағаш ауылы
    Үлкенағаш ауылының ішінде
    44.236141
    79.842354
    44.223849
    79.836861
    2 км
    68.
    Бурақожыр өзені
    Панфилов ауданы,
    Көктал ауылы
    Көктал ауылының ішінде
    44.145498
    79.823671
    44.136802
    79.818152
    2 км
    69.
    Көктерек өзені
    Панфилов ауданы,
    Коңыролен ауылы
    Коныролен ауылының ішінде
    44.282833
    79.303242
    44.271634
    79.304984
    2 км
    Сарқан ауданы
    70.
    Сарқан өзені
    Сарқан ауданы, Сарқан қаласы
    Елді мекен бойында
    45.373498
    79.927861
    45.443171
    79.859432
    8 км
    71.
    Басқан өзені
    Сарқан ауданы, Екіаша ауылы
    Елді мекен бойында
    45.37279
    80.15278
    45.40383
    80.11622
    5 км
    72.
    Басқан өзені
    Сарқан ауданы, Алмалы ауылы
    Елді мекен бойында
    45.46131
    79.95438
    45.43545
    80.00914
    5,6 км
    73.
    Лепсі өзені
    Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы
    Елді мекен бойында
    45.70221
    80.28915
    45.79043
    80.24657
    4 км
    74.
    Лепсі өзені
    Сарқан ауданы, Көктерек ауылы
    Елді мекен бойында
    46.08137
    79.58358
    46.09773
    79.45351
    18 км
    75.
    Лепсі өзені
    Сарқан ауданы, Лепсі ауылы
    Елді мекен бойында
    46.21283
    78.78428
    46.22280
    78.79908
    26 км
    76.
    Лепсі өзені
    Сарқан ауданы, М.Толебаев ауылы
    Елді мекен бойында
    46.282170
    78.329853
    46.30091
    78.32427
    2,8 км

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.