Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 мамыр 2025 ж.

    Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32894 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Қарғалы ауданында елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы

    С. Аманжолов

    Қарғалы аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 27 мамырдағы

    № 340 шешіміне 1 қосымша

    Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

    1. Жалпы ережелер

    1. Осы Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

    2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны - аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

    2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

    2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

    3. Қарғалы ауданының, ауылдың және ауылдық округтің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

    4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

    5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

    6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

    7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

    Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

    Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

    8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың және ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

    Ауылдың және ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

    Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

    9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарғалы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

    10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

    Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

    11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

    Қарғалы аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 27 мамырдағы

    № 340 шешіміне 2 қосымша

    Қарғалы ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

    р/с №
    Қар­ға­лы ауда­ны­ның ел­ді ме­ке­ні­нің ата­уы
    Қар­ға­лы ауда­ны­ның ел­ді ме­кен­де­рі ау­ма­ғын­да­ғы жер­гі­лік­ті қо­ғам­да­стық жиы­ны­на қа­ты­су үшін ауыл, кө­ше, көп­пәтер­лі тұр­ғын үй тұр­ғын­да­ры өкіл­де­рі­нің са­ны (адам)
    Бадамша ауылдық округі
    1.
    Ба­дам­ша ауы­лы
    7
    Әлімбет ауылдық округі
    2.
    Әлім­бет ауы­лы
    5
    Ащылысай ауылдық округі
    3.
    Ащы­лы­сай ауы­лы
    3
    4.
    Бозтө­бе ауы­лы
    1
    5.
    Ақ­көл ауы­лы
    1
    6
    Пре­об­ра­же­нов­ка ауы­лы
    1
    Степной ауылдық округі
    7.
    Степ­ной ауы­лы
    4
    8.
    Қай­рақ­ты ауы­лы
    2
    Кемпірсай ауылдық округі
    9.
    Кем­пір­сай ауы­лы
    1
    10.
    Жо­са­лы ауы­лы
    4
    Велихов ауылдық округі
    11.
    Ве­ли­хов ауы­лы
    3
    12.
    Ақ­жай­ық ауы­лы
    2
    Қос Естек ауылдық округі
    13.
    Қос Естек ауы­лы
    5
    Желтау ауылдық округі
    14.
    Пет­ро­павл ауы­лы
    6
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    15.
    Шәм­ші Қал­да­я­қов ауы­лы
    4

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.