Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2025 ж.

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а.

    А. Амангельдиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрінің м.а.

    2025 жылғы 30 мамырдағы

    № 51 Бұйрығымен

    бекітілген

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

    3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

    5) республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:

    тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;

    «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;

    әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін нысаналы аударымдар заңды тұлғаларға берілетін трансферттер болып табылады;

    6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

    2-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібі

    3. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды жоспарлау процесінің қатысушылары:

    1) уәкілетті орган;

    2) заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы болып табылатын қор.

    4. Қор жоспарланатын үш жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстар жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.

    5. Уәкілетті орган:

    1) тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде қор ұсынған заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттіліктің негізділігін, Қазақстан Республикасының заңнамасына, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкестігі тұрғысынан ұсыныстарын қарауды және талдауды;

    2) тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар уәкілетті органның даму жоспары жобасының құрамында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттілікті жолдауды;

    3) тиісті жылдың 7 маусымына дейінгі мерзімде қорға заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша шығыстар лимиттерін жеткізуді;

    4) шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша бюджеттік сұранымды жолдауды қамтамасыз етеді.

    6. Қор шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттер бойынша бюджеттік сұраным мен бюджеттік бағдарламалардың паспортын өзектендіреді және уәкілетті органға жібереді.

    7. Қор ұсынылған болжамды қажеттілік уәкілетті орган жеткізген заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстардың лимиттеріне сәйкес келмеген жағдайда, лимиттер жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттілікті қайта жолдайды.

    8. ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21844 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

    9. Заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау мынадай:

    1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органға ай сайынғы ақпараты негізінде алдыңғы үш жыл кезеңіндегі Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың орташа жылдық саны;

    2) Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланған кезеңге қорға төленуге жататын мемлекеттің МӘМС-ке жарналарының мөлшері;

    3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізінде жүзеге асырылады.

    Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттер әрбір болжанатын жылға мынадай формула бойынша есептеледі:

    Vмәмсi+k = Сорт. тізім. жеңілдіктер_жыл𝑖+𝑘 х ОАЖ𝑖+𝑘 х Ммәмсж𝑖+𝑘 х 𝑚, мұндағы:

    Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k – i+k жылға арналған Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны, ол формула бойынша есептеледі:

    Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k = Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k-1 *(1 + Қөсім), мұндағы:

    i-ағымдағы жыл;

    k=1,2,3;

    Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k-1 – i+k-1 жылға арналған Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны;

    Қөсім – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың соңғы үш жылдағы орташа өсу қарқыны, ол формула бойынша айқындалады:

    Қөсім = ((Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-1/

    Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-3) – 1)/2 , мұндағы:

    Сорт. жеңілдіктер. тізім_жылi-1 – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;

    Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-3 – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың үш жылының алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;

    ОАЖi+k – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болжанатын қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері;

    Ммәмсжi+k – Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланатын кезеңге i+k жылы үшін қорға төленуге жататын мемлекеттің МӘМС-ке жарналарының мөлшері;

    m – мемлекеттің МӘМС жарналарын қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.

    10. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау кезінде:

    1) Заңның 27-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тұлғаларға соңғы үш жылда МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер санының орташа өсу қарқынын ескере отырып, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды саны;

    2) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды санына «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтерге көбейту жолымен шығыстар сомасы бойынша есептеулер жүргізіледі.

    11. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді қалыптастыру осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған қаражат сомаларын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.

    12. Бөлінген бюджет шегінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша жылдық көлемді нақтылау (түзету) қажет болған кезде қор Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес нақтылау (түзету) қажеттілігі анықталған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер сомаларын бөлінген бюджет шегінде нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қарайды.

    3-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді қаржыландыру тәртібі

    13. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.

    14. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін қор уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін бағыттар бойынша сомаларды көрсете отырып, заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің жылдық сомасын ай сайын бөлу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді:

    1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;

    2) заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде;

    3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін.

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің жылдық сомасын айлар бойынша бөлуді қор аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескеріп, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдерін негізге ала отырып жүзеге асырады.

    15. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажет болған кезде қор ағымдағы айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.

    Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    16. Уәкілетті органның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді аударуы ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін):

    1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге мемлекеттік қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;

    2) заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде, сондай-ақ әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қордың ағымдағы шотына жүзеге асырылады.

    Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.

    17. Қорға ТМККК бөлінетін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражаты есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша алдыңғы жылдың қордың міндеттемелерін орындауы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.

    18. Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің сомалары келесі қаржы жылында толық пайдаланылады.

    4-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есептілік

    19. Қор уәкілетті органға осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымша ларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.

    20. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді қор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде ұсынады.

    21. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептер қордың және уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қаражаттың игерілмеу себептерін көрсете отырып, төленген міндеттемелер сомаларының төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан ауытқуы бойынша түсіндірме жазбаны қоса бере отырып қалыптастырылады.

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларына

    1-қосымша

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

    Нысанның атауы: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы есеп

    Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық

    Есепті кезең: 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

    Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде

    БСН ______________

    Жинау әдісі: электронды түрде

    теңге

    Бағ­дар­ла­ма
    Кі­ші бағ­дар­ла­ма
    Заң­ды тұ­лға­лар­ға бе­рі­ле­тін транс­ферт­тер
    Қар­жы­лан­ды­ру жос­па­ры­ның орын­да­луы
    Мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша
    Тө­лем­дер бой­ын­ша
    Есеп­ті ке­зең жос­па­ры
    Қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер
    Орын­да­лу %
    Қа­был­дан­ба­ған мін­дет­те­ме­лер
    Есеп­ті ке­зең жос­па­ры
    Тө­лен­ді
    Орын­да­лу %
    Иге­ріл­ме­ген
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11

    Басқарма Төрағасы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Құрылымдық бөлімшенің басшысы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Мөр орны

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларына

    2-қосымша

    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

    Нысанның атауы: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық

    Есепті кезең: 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

    Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде

    БСН ______________

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек түр­ле­рі­нің ата­уы
    Бір жы­л­ға ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­ді са­тып алу жос­па­ры
    Жа­сал­ған шар­ттар­дың со­ма­сы
    Ор­на­ла­сты­рыл­ма­ған со­ма
    (3-ба­ған-4-ба­ған)
    Шар­ттар­дың № 1 қо­сым­ша­сы­на сәй­кес жос­пар
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің тө­лем­ге қа­был­дан­ған ак­ті­ле­рі
    Шар­ттар бой­ын­ша орын­дал­ма­ған со­ма­лар (4-ба­ған-
    7-ба­ған)
    Шар­ттар­ды орын­дау %
    (7-ба­ған/ 4-ба­ған)
    Са­тып алу жос­па­рын орын­дау %
    (7-ба­ған/ 3-ба­ған)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    9
    10
    11
    Бар­лы­ғы,
    мың тең­ге

    Басқарма Төрағасы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Құрылымдық бөлімшенің басшысы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Мөр орны

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларына

    3-қосымша

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

    Нысанның атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық

    Есепті кезең: 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

    Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде

    БСН ______________

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Тұ­лға­лар са­нат­та­ры­ның ата­уы
    Жыл жос­па­ры
    «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның де­ректе­рі бой­ын­ша факт
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі бой­ын­ша жар­на­лар­дың тү­су фак­ті­сі
    Ауыт­қу
    (7-ба­ған-
    3-ба­ған,
    8-ба­ған-
    4-ба­ған)
    Жос­пар­ды орын­дау %
    Жар­на­лар­дың тү­су фак­ті­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция де­ректе­рі­нен ауыт­қуы
    (7-ба­ған-
    5-ба­ған,
    8-ба­ған-
    6-ба­ған)
    Са­ны, адам
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    Са­ны, адам
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    Са­ны, адам
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    Са­ны, адам
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    Са­ны, адам
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    Бар­лық адам­дар,
    оның ішін­де:
    1
    Ба­ла­лар
    2
    Жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген адам­дар
    3
    Жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер
    4
    5-тар­мақ­та көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оны (олар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі)
    5
    Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның (олар­дың) кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­ста жүр­ген адам­дар
    6
    Мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
    7
    Бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
    8
    Зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі
    9
    Қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар
    10
    Тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да­ғы адам­дар, сон­дай-ақ үй­қа­мақ тү­рін­де­гі бұл­тарт­пау ша­ра­сы қол­да­ны­л­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
    11
    Жұ­мыс іс­те­мей­тін қан­дастар
    12
    «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар
    13
    Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар
    14
    Ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да бі­лім алып жа­тқан адам­дар
    15
    Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы жұ­мыс іс­те­мей­т­ін­дер

    Басқарма Төрағасы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Құрылымдық бөлімшенің басшысы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Мөр орны

    Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидаларына

    4-қосымша

    Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

    Нысанның атауы: Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп

    Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық

    Есепті кезең: 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

    Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде

    БСН ______________

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Р/с №
    Ме­ди­ци­на­лық кө­мек түр­ле­рі­нің ата­уы
    Жыл жос­па­ры
    Нақ­ты шы­ғы­стар
    Ауыт­қу, мың тең­ге
    (4-ба­ған-6-ба­ған)
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның тө­лем со­ма­сы, мың тең­ге
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның тө­лем со­ма­сы­ның жос­пар­дан ауыт­қуы, мың тең­ге
    (8-ба­ған- 4-ба­ған)
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның тө­лем со­ма­сы­ның нақ­ты шы­ғы­стар­дан ауыт­қуы, мың тең­ге
    (8-ба­ған- 6-ба­ған)
    Қыз­мет­тер са­ны (бір­лік­тер/ ем­дел­ген жағ­дай­лар/ қам­та­ма­сыз еті­л­ген ре­цепт­тер)
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    Қыз­мет­тер са­ны (бір­лік­тер/ ем­дел­ген жағ­дай­лар/ қам­та­ма­сыз еті­л­ген ре­цепт­тер)
    Со­ма­сы, мың тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Бар­лы­ғы
    1
    Кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек (ам­бу­ла­то­ри­я­лық жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек)
    2
    Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек
    3
    Ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек
    4
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де дә­рі­лік қам­та­ма­сыз ету

    Басқарма Төрағасы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Құрылымдық бөлімшенің басшысы _________ ______________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

    Мөр орны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.