«Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 мамыр 2025 ж.

    «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10335 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

    7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында нұсқаушылармен жасақталмаған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құтқару жабдықтарымен және жарақтарымен жарақтандырылмаған құтқару бекеттері жоқ, кезекші медициналық персоналмен алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен және қажетті құрал-сайманмен және дәрі- дәрмекпен және балалардың шомылуына арналған учаскелермен (балалар жағажайы) жарақтандырылмаған жаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ашуға жол берілмейді;».

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.