Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2- тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 23 мамырдағы №08-02-07/308 санды ұсыныс хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасы АШМ ВБжҚК «Республикалық Ветеринариялық Зертхана» ШЖҚ РМК ОҚӨФ-ның 22.05.2025 жылғы SO-25-X14(01)-00525/X-797-А-E сараптау актісінің қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесі мекен-жайынан «құтыру» ауруының «оң» нәтижесі анықталуына байланысты, Түркістан қаласы Ә. Ахметов көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Төлегеновке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Қала әкімі
Ә. Пазылбекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.