Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2026 ж.

    Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 242

    бұйрығымен бекітілген

    Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі

    Санаты
    Сыныбы
    Ішкi сыныбы
    Ерекшелiгi
    Атауы
    Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi
    Ескерту
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1
    Ағымдағы шығындар
    01
    Тауарлар мен қызметтерге шығындар
    120
    Жұмыс берушiлердiң жарналары
    123
    Мiндеттi сақтандыру жарналары
    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдармен белгіленген көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру
    Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    140
    Қорлар сатып алу
    141
    Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу
    Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.
    Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде;
    ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде;
    спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде;
    энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде;
    әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    142
    Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу
    Дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдары, дәрілік құралдар мен бiржолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, қан, биопрепараттар сатып алу, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу
    Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқықтық мәмiле жасамай жүргiзiледi.
    Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiлені тiркеу талап етілмейді.
    Әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде азаматтық-құқықтық мәмiлені тiркеу талап етілмейді.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    143
    Заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу
    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу
    Заттай мүлiктердi, басқа да киім нысанын және арнаулы киім-кешектер сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезiнде тауарларды (жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiле жасалмайды.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    144
    Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу
    Отынның барлық түрлерін сатып алуға, тасымалдауға, тиеуге, түсiруге және сақтауға жұмсалатын шығындарды қосқанда отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға шығындар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына аудару, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде;
    Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде жанар-жағар май құнын төлеуге байланысты шығындарды төлеген кезде, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеуге байланысты шығыстарды.
    Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде жанар-жағар май құнын төлеуге байланысты шығындарды төлеген кезде, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеуге байланысты шығыстарды корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін жанар-жағар май құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, жанар-жағар май сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    149
    Өзге де қорларды сатып алу
    141, 142, 143 және 144 ерекшеліктер бойынша көзделмеген материалдар мен басқа да қорларды сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы заттар мен материалдар сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету», «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
    Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    150
    Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу
    152
    Байланыс қызметтеріне ақы төлеу
    Телефондар үшін абоненттік төлем;
    қалааралық сөйлесу;
    ұялы байланыс;
    пошта шығыстары;
    үкiметтiк байланыс;
    факс;
    электрондық пошта;
    арнайы байланыс;
    спутниктiк байланыс;
    телетайп;
    радио;
    және байланыстың басқа да түрлері үшiн.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшісі болып табылатын «Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
    153
    Көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу
    Көлiктi жалдау; жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингенттi, қару-жарақ, әскери техниканы, әскерге шақырылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдік іссапарлар», «Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    154
    Зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеу
    Зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге шығындар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізу арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен» кіші бағдарламасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасында жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша сомаларды аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    155
    Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу
    Әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалар бойынша үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтерге ақы төлеу
    156
    Консалтингтік қызметтерге ақы төлеу
    Мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезiнде.
    157
    Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу
    Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған, қызметтерге ақы төлеу, мысалы, брошюралар және (немесе) бейнероликтер дайындау
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», «Өкілдік шығындар», «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    158
    Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу
    «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    159
    Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу
    Осы ерекшелік бойынша 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157 және 158 ерекшеліктерде көрсетілмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі, оның ішінде: ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.
    Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарларды, материалдарды сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу 149 «Басқа қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша көрсетіледі. Бұл жағдайларда тауарларды, материалдарды сатып алу 159 «Басқа қызметтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.
    Бұл ерекшелік бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшін төлемақы көрсетіледі.
    Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиісті ерекшеліктер бойынша жіктеледі.
    Бұл ерекшелік бойынша бағалаушылардың қызметтеріне ақы төлеу көрсетіледі.
    Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлеуге жататын заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға сомалардан ұсталымдарды аудару қызметіне ақы төлеу шығыстары асырылады.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    банк қызметтеріне ақы төлеу кезінде;
    Үшінші абзац жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 04.06.2026 № 365 бұйрығымен.
    Халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың «Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен» кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар арқылы іске асырылатын шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    160
    Басқа да ағымдағы шығындар
    163
    Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары
    Киімдерді, аяқ киімдерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; мектептерде тамақтандыруды қамтамасыз ету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлеріне жолдамалар сатып алу.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    ақшалай көмек көрсету кезінде;
    мектеп оқушыларын мәдени-бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету кезiнде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    3
    Ағым­да­ғы транс­ферт­тер
    370
    Грант­тар
    371
    Бі­лім бе­ру гран­ты
    Осы ерекше­лі­гі бой­ын­ша бі­лім бе­ру гран­тын бе­ру бой­ын­ша шы­ғын­дар көр­се­ті­ле­ді.
    2
    Күрделi шығындар
    04
    Негiзгi капиталды сатып алу
    410
    Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу
    411
    Жер сатып алу
    Жердің, ормандардың, ішкі сулардың және пайдалы қазбалардың кен орындарының кез келген түрін мемлекеттің сатып алуына жұмсалатын шығындар. Егер мемлекет сатып алған жерде құрылыс тұрған болса, құрылыстың құны жердің құнынан бөлек бағалануы тиіс, құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындар 412 ерекшелікке жатқызылуы тиіс. Егер де құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындарды жерді сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлу мүмкін болмаса, жердің және құрылыстың құнын не осы ерекшелікке не, жердің немесе құрылыстың бағасы неғұрлым құнды болуына қарай, 412 ерекшелікке жатқызылуы қажет. Құрылыс жобасының құнына енгізілген мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша өтемақыға жұмсалатын шығындар және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру осы ерекшелік бойынша көрсетіледі.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасының «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу» және «Шетелде Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің күрделі шығыстары» кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    412
    Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстарды, беру қондырғыларын сатып алу
    Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар, беру қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жердi сатып алуға жұмсалатын шығындар. Егер сатып алынған үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құны ғимаратпен бiрге сатып алынған, мысалы жабдықтар, активтердiң құнына енгізілсе, онда оларға жұмсалатын шығындар осында көрсетiледi.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    413
    Көлік құралдарын сатып алу
    Көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алу.
    Лизинг қызметтері бойынша көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жіктеледі.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    414
    Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу
    Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
    «Машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.
    Лизинг қызметтері бойынша машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жіктеледі.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    416
    Материалдық емес активтерді сатып алу
    Материалдық емес активтердi сатып алу
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі болып табылатын «Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    417
    Биологиялық активтерді сатып алу
    Биологиялық активтерді сатып алу
    419
    Өзге де негізгі құралдарды сатып алу
    411, 412, 413 және 414 ерекшеліктері бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарды сатып алу.
    411, 412, 413 және 414 ерекшеліктері бойынша көрсетілмеген лизинг қызметтері бойынша өзге де негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша жіктеледі.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    айырбастау және кейiннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегі шоттарға соманы аудару кезінде.
    Айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға жасалған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелуге жатпайды.
    420
    Негiзгi құралдарды күрделі жөндеу
    421
    Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, беру қондырғыларын күрделі жөндеу
    Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделі жөндеуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығындар
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа:
    Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде.
    422
    Жолдарды күрделi жөндеу
    Жолдарды және әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын күрделi жөндеумен байланысты шығындар.
    Ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, сондай-ақ орташа жөндеу (ойықтарды толтыру, сүйірленген жол учаскелерінің қайта төсеу) 159-ерекшелікте өзге қызметтер ретінде жіктеледі.
    429
    Өзге де негізгі құралдарды күрделі жөндеу
    421 және 422 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге арналған шығындар. Осы ерекшелік бойынша машиналар мен жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындар да көрсетіледі.
    430
    Дамуға бағытталған күрделі шығындар
    431
    Жаңа объектілерді салу және қолдағы бар объектілерді реконструкциялау
    Жаңа объектілерді салуға және қолдағы бар объектілерді, оның ішінде күрделі жөндеу мен қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерді реконструкциялауға арналған шығындар.
    Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа:
    айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шотына сомаларды аудару кезінде.
    432
    Жолдар салу
    Жолдарды салумен байланысты шығындар.
    433
    Кемелерді салу және жеткізу
    Кемелерді салу және жеткізумен байланысты шығындар.
    434
    Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту
    Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар.
    6
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    8
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    810
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    812
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша инвестициялық шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау
    813
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша операциялық (пайдалану) шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау
    814
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлемі бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау
    815
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау
    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша өзге де төлемдер бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.