Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 63 «Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 мамыр 2025 ж.

    Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы №63 «Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы №63 «Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3918 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихат төрағасы

    Н. Кобжанов

    Қарағанды облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 27 мамырдағы

    № 289

    шешіміне қосымша

    Қарағанды облыстық мәслихатының

    2016 жылғы 30 маусымдағы

    №63 шешіміне қосымша

    Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі

    Қатынас
    1
    Қарағанды-Балқаш
    2
    Балқаш-Саяқ
    3
    Құлайғыр-Теміртау
    4
    Теміртау-Ақадыр-Теміртау
    5
    Шоқай-Құлайғыр-Қарағанды Сұрыптау
    6
    Теміртау-Құлайғыр
    7
    Қарағанды-Шоқай
    8
    Қарағанды Сұрыптау-Қарағанөзек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.