«Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу – БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдаланушы БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу үшін аумақтық нотариаттық палатаға (бұдан әрі – АНП) өтінішпен жүгінеді. Өтінішті қарастыру қорытындысы бойынша АНП қызметкері БНАЖ-да есептік жазба жасайды.»;
5-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«5-1. «Нотариат туралы» Заңның 10-бабына сәйкес нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде БНАЖ жүйесіне қолжетімділігі де тоқтатылады.».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі
Е. Сарсембаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.