«Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2025 ж.

    «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:

    7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын қарауға және келісуге мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді».

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп жəне құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.