«Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2025 ж.

    «Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 358 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мақтаарал ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 358 қаулысына (Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 маусымда № 6308-13 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2)-тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақтаарал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мақтаарал ауданының әкімі

    Б. Асанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.