Шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 мамыр 2025 ж.

    Шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2025 жылғы 06 мамырдағы № 9 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің әкімі ШЕШТІ:

    1. «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің аумағында Горький көшесі, Сериков көшесінің шекарасында орналасқан жалпы көлемі 0,4000 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, орнату және пайдалану үшін 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

    2. «Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Құсмұрын кенті әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    А. Абжанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.