Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 қыркүйектегі № 18/03 «Абай қаласында көшпелі және көрме-жәрмеңкелiк сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 сәуір 2016 ж.

    Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 қыркүйектегі № 18/03 «Абай қаласында көшпелі және көрме-жәрмеңкелiк сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес және Қарағанды облысы әділет Департаментінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 8-10/634 хатына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 қыркүйектегі № 18/03 «Абай қаласында көшпелі және көрме-жәрмеңкелiк сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте № 8-9-87 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізеледі.

    Абай ауданының әкімі

    С. Шайдаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.