Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қаласының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар мөлшерінде белгіленсін:
1) функционалдық блоктар бойынша:
«А» - лауазымдық айлықақының 20 % (жиырма пайыз);
«В» - лауазымдық айлықақының 30 % (отыз пайыз);
«С», «D» - лауазымдық айлықақының 50 % (елу пайыз);
2) білікті жұмысшылар бойынша – лауазымдық айлықақының 50 % (елу пайыз).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы
О.Джагпаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.