«Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 мамыр 2025 ж.

    «Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарында (бұдан әрі — Өлшемшарттар):

    Өлшемшарттардың 1 және 2-қосымша лары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымша ларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    Өлшемшарттардың 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасы на сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    корсетілген бірлескен бұйрықтың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымша лары осы бірлескен бұйрықтың 4, 5, 6, 7 және 8-қосымша ларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялаған күннен кейін орналастырылуын;

    3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Амрин

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    __________М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының Құқықтық

    статистика және арнайы есепке

    алу жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Бухгалтерлік есеп және қаржылық

    есептілік саласындағы тәуекел

    дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

    1 қосымша

    Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

    Талаптар
    Бұзушылық дәрежесі
    1. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) бойынша
    1
    Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау
    Өрескел
    2
    Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау
    Өрескел
    3
    Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы
    Өрескел
    4
    Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы
    Өрескел
    5
    Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі
    Өрескел
    2. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша
    1
    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну
    Болмашы
    2
    Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру
    Елеулі
    3
    Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу
    Елеулі
    4
    Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
    Өрескел
    5
    Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
    Өрескел
    6
    Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
    Өрескел
    7
    Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну
    Өрескел
    8
    Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
    Елеулі
    9
    Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
    Елеулі
    3. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
    Елеулі
    2
    Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру
    Елеулі
    3
    Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
    1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
    5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
    7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
    Елеулі
    4
    Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу
    Елеулі
    5
    Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну
    Өрескел
    6
    Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну
    Өрескел
    7
    Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
    Елеулі
    8
    Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
    Елеулі
    9
    Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.
    Елеулі

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Бухгалтерлік есеп және қаржылық

    есептілік саласындағы тәуекел

    дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

    2 қосымша

    Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

    Талаптар
    Бұзушылық дәрежесі
    1. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша
    1
    Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы
    Елеулі
    2
    Мынадай:
    1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;
    2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;
    3) әдеп мәселелері бойынша;
    4) дауларды қарау бойынша жұмыс органдарының болуы
    Елеулі
    3
    Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы
    Елеулі
    2. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
    Елеулі
    2
    Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
    1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
    2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
    3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болуы
    Өрескел
    3
    Бір немесе бірнеше бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы
    Елеулі
    4
    Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы
    Елеулі

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Бухгалтерлік есеп және қаржылық

    есептілік саласындағы тәуекел

    дәрежесін бағалау өлшемшарттарына

    5 қосымша

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

    _______________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

    саласындағы _________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

    _____________________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі

    ___________________ бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті

    _________________ аккредиттелген ұйымдарға қатысты тобының атауы

    Р/с №
    Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші
    Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі
    Маңызды-лығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi
    Шарттар / мәндер, xi
    1-шарты / мәні
    1
    2
    3
    4
    5
    Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    50
     
    1 факт
    100%
    2
    Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынбау
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    15
     
    1 факт
    100%
    3
    Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсынбау
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    15
     
    1 факт
    100%
    4
    Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өтпеу
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    10
     
    1 факт
    100%
    5
    Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдемеу
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    10
     
    1 факт
    100%
    Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    Талаптарға сәйкестігін тексеру кестесіне енгізу
     
    1 факт
    100%
    2
    Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
    1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
    2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
    3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болмауы
    Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері
    100
     
    1 факт
    100%

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 2 сәуірдегі

    № 298 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2021 жылғы 21 сәуірдегі

    № 45 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Тексеру парағы

    _____________________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

    саласындағы ________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

    ____________ жария мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын қоспағанда)

    ____________________________________________________________________

    Қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

    ____________________________________________________________________

    Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

    ____________________________________________________________________ күні №

    ____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

    сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    1
    Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау
    2
    Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау
    3
    Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы
    4
    Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы
    5
    Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі

    Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ _____________ лауазымы қолы

    ______________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ _____________ лауазымы қолы

    ______________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    5-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 2 сәуірдегі

    № 298 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2021 жылғы 21 сәуірдегі

    № 45 бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Тексеру парағы

    _____________________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

    саласындағы ________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

    аккредиттелген кәсіби ұйымдарына _____________________________________

    қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

    ____________________________________________________________________ күні №

    ____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

    ____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі)

    бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    1
    Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну
    2
    Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру
    3
    Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу
    4
    Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті ұсыну
    5
    Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті ұсыну
    6
    Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті ұсыну
    7
    Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті ұсыну
    8
    Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
    9
    Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу

    Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ _____________ лауазымы қолы

    ______________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ _____________ лауазымы қолы

    ______________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    6-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 2 сәуірдегі

    № 298 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2021 жылғы 21 сәуірдегі

    № 45 бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Тексеру парағы

    ___________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы_________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

    ____________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ________________

    бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ___________________________

    аккредиттелген ұйымдарға ________________________ қатысты тобының атауы.

    Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

    ______________________________________________________________________

    Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындау туралы акті

    ______________________________________________________________________ күні №

    ________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

    ________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

    сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы
    2
    Мынадай:
    1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;
    2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;
    3) әдеп мәселелері бойынша;
    4) дауларды қарау бойынша жұмыс органдарының болуы
    3
    Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы

    Лауазымды адам (-дар) ______________________________ ______________ лауазымы қолы

    __________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ______________ лауазымы қолы

    __________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    7-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 2 сәуірдегі

    № 298 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2021 жылғы 21 сәуірдегі

    № 45 бірлескен бұйрығына

    5-қосымша

    Тексеру парағы

    _________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы _________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес ___________

    бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ____________________ бақылау

    субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ____________________ аккредиттелген

    ұйымдарға_______________________ қатысты тобының атауы.

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

    _____________________________________________________________________

    Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

    профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

    _____________________________________________________________________

    күні № _______________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

    сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
    2
    Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру
    3
    Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
    1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы 3 (үш) жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
    5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
    7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).
    4
    Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу
    5
    Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну
    6
    Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну
    7
    Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту
    8
    Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу
    9
    Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.

    Лауазымды адам (-дар) ______________________________ ______________ лауазымы қолы

    __________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ______________ лауазымы қолы

    __________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 30 мен

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 238 Бірлескен бұйрығына

    8-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2021 жылғы 2 сәуірдегі

    № 298 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2021 жылғы 21 сәуірдегі

    № 45 бірлескен бұйрығына

    6-қосымша

    Тексеру парағы

    __________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы _________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

    ____________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ________________

    бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ___________________________

    ________________________ аккредиттелген ұйымдарға қатысты тобының атауы

    Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

    _____________________________________________________________________

    Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындау туралы акті ________________

    күні № _______________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

    сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    1
    «Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік», «Басқарушылық есеп», «Қаржы және қаржы менеджменті», «Салықтар», «Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)», «Этика» пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну
    2
    Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
    1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
    2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
    3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болуы
    3
    Аккредиттеу туралы куәлік берілген кезден бастап алты ай өткен соң бір немесе бірнеше бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы
    4
    Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы

    Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ ____________ лауазымы қолы

    _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ ____________ лауазымы қолы

    _____________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.