Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2025 ж.

    Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 165) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы

    Р. Коняшкин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Бұйрықпен бекітілді

    Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 165) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды (бұдан әрі – байланысты гранттар) пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.

    2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы және нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты ұсынудың мақсаты (бұдан әрі – есептілік және ақпарат) техникалық шешімдердің ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.

    3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    2) байланысты гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;

    3) байланысты грант туралы келісім – Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;

    4) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.

    5) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалану мақсатында «электрондық үкіметтің», «электрондық үкіметтің» архитектурасының, платформалық бағдарламалық өнімдердің ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі.

    2-тарау. Есептілік нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды ұсыну тәртібі

    4. Есептік айдан кейінгі айдың жиырмасында байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес байланысты гранттарды пайдалану барысы туралы есеп нысаны бойынша уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.

    6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарынан келіп түскен есептілік пен ақпаратты уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

    7. Уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде нормативтік-техникалық құжаттаманың және жобалық техникалық құжаттаманың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне бағалауды жүзеге асырады.

    8. Бағалау қорытындысы бойынша уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану бойынша қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту, түзету бойынша ұсынымдарды қалыптастырады.

    9. Бюджет кодексінің 166-бабының 3-тармағына сәйкес байланысты грантты пайдалану аяқталғаннан кейін байланысты гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдар бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе көздейтін байланысты гранттар бойынша сондай-ақ уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған донордың уәкілетті өкілі және орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органның бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.

    10. Уәкілетті органға ақпаратты жолдаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептер нысандары қоса берілуі қажет.

    11. Есептердегі мәліметтер дәйекті және өзекті болуы тиіс.

    Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Байланысты гранттарды пайдалану туралы есеп

    Есеп­ті­лік­ті­ұсы­ну ке­зе­ңі (ай)
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­ла­тын неме­се да­мы­ты­ла­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де ақ­па­рат­тық жүйе шең­бе­рін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­тын және пай­да­ла­ны­ла­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 
    Жо­ба­ның то­лық ата­уы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің то­лық және қы­сқар­ты­л­ған ата­уы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту­дың мақ­са­ты
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау мер­зім­де­рі (ақ­па­рат­тық жүй­е­ні пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу жұ­мыста­ры­ның ба­стал­ған және аяқ­та­ла­тын күн­де­рі)
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні құ­ру неме­се да­мы­ту және оны пай­да­ла­ну үшін негіз­де­ме (ти­іс­ті акт)
    Ақ­па­рат­тық жүйе қол­дай­тын функ­ци­я­сы
    Ақ­па­рат­тық жүйе ше­ше­тін негіз­гі мін­дет­тер
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің сы­ны­бы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Кестенің жалғасы
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­ла­тын неме­се да­мы­ты­ла­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де ақ­па­рат­тық жүйе шең­бе­рін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­тын және пай­да­ла­ны­ла­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Бай­ла­ны­сты грант­тың иге­рі­луі (жұм­сал­ған)
    Ті­ке­лей және түп­кі­лік­ті көр­сет­кіш­тер­ге қол жет­кі­зу мәр­те­бе­сі
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің өза­ра әре­кет­те­суі (ве­дом­ство­ара­лық, ве­дом­ство­лық), өзге де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­мен ин­те­гра­ци­я­сы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де қол­да­ны­ла­тын анық­та­ма­лық­тар тіз­бе­сі (тол­ты­ру көз­де­рі, де­ректер­дің фор­мат­та­ры)
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі де­ректер­ді сәй­кестен­ді­ру­ші­лер тіз­бе­сі, олар­ды қа­лып­та­сты­ру қа­ғи­да­тын көр­се­ту қа­жет (жал­пы­ға бір­дей VIN, ЖСН, БСН, БСК және та­ғы бас­қа)
    Бір ай­да­ғы
    Ағым­да­ғы жы­л­ғы
    Есеп­тік ай­да­ғы
    Жыл­дың ба­сы­нан ба­стап
    Тең­ге
    Тең­ге
    10 
    11
    12
    13
    14 
    15
    16
    Кестенің жалғасы
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның құ­ры­ла­тын неме­се да­мы­ты­ла­тын ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де ақ­па­рат­тық жүйе шең­бе­рін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­тын және пай­да­ла­ны­ла­тын элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Бай­ла­ны­сты грант­тар­дың есе­бі­нен алын­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лы­мы­ның, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның құ­ра­уы­шта­рын тү­ген­деу тіз­бе­сі және си­патта­ма­сы
    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де­гі элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар­дың тіз­бе­сі
    Бағ­дар­ла­ма­лық өнім­нің ата­уы (пай­да­ла­ны­ла­тын тех­но­ло­ги­я­лық плат­фор­ма­ның ата­уы; пай­да­ла­ны­ла­тын де­ректер қо­ры­ның ата­уы; бағ­дар­ла­ма­лық өнім­нің жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету үшін қол­да­ны­ла­тын сер­вер­лік жаб­дық­тың мо­де­лі)
    Си­патта­ма­сы
    Өн­ді­ру­ші­нің ком­па­ни­я­сы­на сі­л­те­ме
    Өнім бе­ру­ші­нің ком­па­ни­я­сы­на сі­л­те­ме
    Ли­цен­зи­я­лау ти­пі
    17
    18
    19
    20 
    21 
    22 
    Кестенің жалғасы
    Құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйенің техникалық және жобалық құжаттамасын бекіту және (немесе) оған өзгеріс енгізу туралы мәліметтер
    Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу туралы мәліметтер
    Құжаттың атауы
    Бекітілген күні
    Ақпараттандыру объектілерін тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу күні
    Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу қорытындылары
    23 
    24 
    25
    26
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    VIN – Vehicle Identification Number;
    ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;
    БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
    БСК – Банктік сәйкестендіру коды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.