«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақтың 126-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «126-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына кіре алатын жағдайларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.