«Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы» және «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2025 ж.

    «Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы» және «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 және «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Атырау қаласы әкімі аппаратының іс басқармасы» және «Смарт Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 5 еселенген біріңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.

    Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы

    Б. Мурзагалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.