«Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1359-01 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

    реттік нөмірі 61-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    61
    Ақбұлақ өзені
    Басталуы 51°12'11.37" N, 71°35' 01.51"Е
    51010'34,697" N,71030'15,159"Е
    510 10'36,355" N, 71030'15,944"Е
    500
    20
    »;
    мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61-1, 61-2-жолдармен толықтырылсын:
    «
    61-1
    Ақбұлақ өзені
    51010'34,697" N,71030'15,159"Е
    510 10'36,355" N, 71030'15,944"Е
    51010'35.280" N, 71030'6,830"Е
    51010'37,722" N, 71030'8,538"Е
    70-102
    20
    61-2
    Ақбұлақ өзені
    51010'35.280" N, 71030'6,830"Е
    51010'37,722" N, 71030'8,538"Е 51°08'53.8300" N71°26'24.3500"Е
    500
    20
    »;
    көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
    1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;».
    2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
    1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Астана қаласының әкімі

    Ж. Қасымбек

    Келісілді:

    «Астана қаласының Сәулет, қала

    құрылысы және жер қатынастары

    басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    «Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи ресурстар

    министрлігі Су ресурстары

    комитетінің Су ресурстарын

    пайдалануды реттеу және

    қорғау жөніндегі Есіл

    бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    «Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи ресурстар

    министрлігі Экологиялық

    реттеу және бақылау комитетінің

    Астана қаласы бойынша

    Экология департаменті»

    республикалық мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    «Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлiгi

    Санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау комитетiнің Астана

    каласының Санитариялық-

    эпидемиологиялық бақылау

    департаментi» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.