Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:
1) Сайыпназар ахун тұйық көшесі «Қалмағанбет Оспанов» есімімен қайта аталсын;
2) Яссауи-6 тұйық көшесі «Мәди Кереев» есімімен қайта аталсын;
3) «Бәйтерек» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге «Дүкенбай Досжан» есімі берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
___________ Н. Нәлібаев
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
____________ М. Тлеумбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.