«Азаматтық қорғаныс» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 333 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныс» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 333 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32864 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.