Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

    1. «КОКШЕТАУ ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Чистопол ауылдық округі, Чистополье ауылы мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 0,0284 га жер учаскесіне әуе желілерін қайта жаңарту және оларға қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Чистопол ауылдық округ әкімінің м.а.

    Ә. Мушаитова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.