Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 мамыр 2025 ж.

    Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12051 болып тіркелген);

    2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 612 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12409 болып тіркелген).

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Әділет министрі

    Е. Сарсембаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.