Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының Басшысына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы

    А. Рахметуллин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы « » ________

    №_____ бұйрығымен

    бекітілді

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

    Ата­уы
    Функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты
    Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
    Кө­лік­тер­дің шек­ті са­ны
    Же­дел
    Қа­зақ­стан­ға ре­сми жұ­мыс са­пар­ла­ры­мен неме­се жол жү­ру са­пар­ла­ры­мен ке­ле­тін мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның, үкі­мет­тер­дің, Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­ле­рі­нің са­пар­ла­рын қам­та­ма­сыз ету;
    Тө­тен­ше және өкі­лет­ті ел­ші­лер­ді қар­сы алу және шы­ға­рып са­лу;
    Ди­пло­ма­ти­я­лық кор­пу­стың қа­ты­суы­мен іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік про­то­кол қыз­ме­ті
    3
    Ескертпе:
    арнайы көлік құралы-Қазақстанға ресми жұмыс сапарларымен немесе жол жүру сапарларымен келетін мемлекеттер басшыларының, үкіметтердің, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз етуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алу және шығарып салу; дипломатиялық корпустың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.