Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 мамыр 2025 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4585 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжар ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі

    Р. Елубаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.