Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2025 ж.

    Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1,2 қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 6335 гектар Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.

    2. «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.

    3. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Железин ауданының әкімі

    А. Шайхимов

    Железин аудандық мәслихатының төрағасы

    Т. Даулетов

    Железин ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 113/5 мен

    Железин аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 175/8 бірлескен қаулысы мен

    шешіміне 1-қосымша

    Железин ауданы Железин ауылдық округі Железинка ауылы жерлерінің экспликациясы

    Гектар

    Жалпы алаңы
    Ауыл шаруашылық алқаптарының барлығы
    Оның ішінде
    Басқалар
    Егістік
    Шабындық
    Жайылымдар
    6335
    5503
    12
    202
    5289
    832

    Железин ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 113/5 мен

    Железин аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 19 мамырдағы

    № 175/8 бірлескен қаулысы мен

    шешіміне 2-қосымша

    Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округінің Железинка ауылының шекаралары (шектері)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.