«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
М. Карабаев
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 247 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
1. Ақтөбе – Атырау.
2. Ақтөбе – Маңғыстау.
3. Алматы – Ақтөбе.
4. Алматы – Атырау.
5. Алматы – Балқаш.
6. Алматы – Достық.
7. Алматы – Жезқазған.
8. Алматы – Қонаев.
9. Алматы – Қостанай.
10. Алматы – Құлсары.
11. Алматы – Локоть.
12. Алматы – Маңғыстау.
13. Алматы – Өзіңкі.
14. Алматы – Өскемен.
15. Алматы – Павлодар.
16. Алматы – Петропавл.
17. Алматы – Сарыағаш.
18. Алматы – Семей.
19. Алматы – Орал.
20. Алматы – Шымкент.
21. Астана – Айсары – Арқалық.
22. Астана – Алматы.
23. Астана – Атбасар.
24. Астана – Атырау.
25. Астана – Достық.
26. Астана – Жезқазған.
27. Астана – Жітіқара.
28. Астана – Қарағанды.
29. Астана – Көкшетау.
30. Астана – Көкшетау – Саумалкөл.
31. Астана – Бурабай Курорты.
32. Астана – Қызыл-Ту – Петропавл.
33. Астана – Өскемен.
34. Астана – Павлодар.
35. Астана – Павлодар – Семей.
36. Астана – Сарыағаш.
37. Астана – Семей.
38. Астана – Орал.
39. Астана – Шымкент.
40. Атырау – Ақсарай.
41. Атырау – Маңғыстау.
42. Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау.
43. Қарағанды – Қаражал.
44. Қарағанды – Қостанай.
45. Қарағанды – Петропавл.
46. Көкшетау – Астана – Ерейментау.
47. Қостанай – Арқалық.
48. Қызылорда – Көкшетау.
49. Қызылорда – Павлодар.
50. Қызылорда – Петропавл.
51. Қызылорда – Семей.
52. Маңғыстау – Ақсарай.
53. Маңғыстау – Семей.
54. Маңғыстау – Орал.
55. Өскемен – Жаланашкөл – Достық.
56. Павлодар – Пресногорьков.
57. Павлодар – Түркістан.
58. Шалқар – Сексеуіл.
Әлеуметтік маңызы бар қатынас қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік маңызы – мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда немесе өзге де өзара қатынастары бар мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
2) баламасыздығы – ұзақтығы үлкен әрі тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсіздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды біржолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік маңызы – халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қолжетімді деңгейінің сақталуы;
4) қолжетімділігі – азаматтардың қолжетімді балама көлік түрлері жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркін орын ауыстыру, оның шегінен тыс шығу және кедергісіз қайтып келу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.