«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 мамыр 2025 ж.

    «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Өтініш берушіге оператордың шешімі негізінде осы Қағидалардың 9-тармағында 1), 2), 4), 5) және 7) тармақшаларда, сондай-ақ 10-тармағында көрсетілген шығындар мынадай тәртіппен өтеледі:

    1) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 30% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар;

    2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 50% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар;

    3) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеуге ұсынылған соманың 60% мөлшерінде құжаттамалық расталған шығындар жүзеге асырылады.

    Осы Қағидалардың 9-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген өтініш берушінің құжаттамалық расталған шығындары оператордың шешімі негізінде мынадай тәртіппен өтеледі:

    1) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 80% мөлшерінде Жоғарғы қайта бөлу тауарлары;

    2) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 50% мөлшерінде орташа қайта бөлінген тауарлар;

    3) өтеуге ұсынылған құжаттамалық расталған шығындар соманың 30% мөлшерінде төменгі қайта бөлу тауарлары.

    Өтініш берушіге өтелетін шығындар сомасы отандық жүк тасымалдаушыларды тартқан кезде осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжаттамалық расталған шығындар сомасынан 5% - ға ұлғаяды.

    Өтініш берушіге өтелетін шығындар сомасы тауарларды Қазақстан Республикасының теңіз порттары арқылы тасымалдау кезінде осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген құжатталған расталған шығындар сомасының 5% - на ұлғаяды.»;

    12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу мөлшері өтінім берілген жылдың алдындағы жылы төленген салықтардың сомасынан аспауға тиіс.»;

    17-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) көлік түріне байланысты келесі құжаттар ұсынылады:

    Автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты;

    Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде – темір жол көлік жүкқұжаты, және де тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе);

    әуе көлігімен тасымалдау кезінде – әуе жүк қоймасы;

    теңіз көлігімен тасымалдау кезінде – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты.»;

    20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) өз тауарларын және АКҚ-ны ілгерілету жөніндегі шығындар туралы мәліметтерді қамтитын;

    осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген шығындар түрлеріне жатады;

    өтінім беруші осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген шығындар түрлері бойынша өтінім берген жылдың алдындағы жылы шеккен.»;

    22-тармақтың үшінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша бір өтініш берушіден бір қаржы (күнтізбелік) жылы келіп түскен өтінімдер бойынша мәлімделген шығындардың сомасы өтінім берілген жылдың алдындағы жылы төленген салықтардың сомасынан асады.»;

    25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. Оператор шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен келісім жасасады.

    Өтініш беруші көрсетілген мерзім ішінде келісімге қол қоюдан немесе қол қоймаудан бас тартқан кезде оператор шығындардың бір бөлігін өтеуді өтініш берушіге жүргізбейді.»;

    көрсетілген қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі

    А. Шаккалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс

    министірлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрі

    2025 жылғы 20 мамырдағы

    № 162-НҚ Бұйрығына қосымша

    Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім

    Кімге: ____________________________________________________________________

    (Оператордың атауы)

    Кімнен: ___________________________________________________________________ (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы)

    Мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу

    __________________________________________________________________________ (дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы куәліктің №/анықтаманың/ хабарламаның, кім және қашан берді)

    Нақты мекенжайы: _________________________________________________________

    БСН / ЖСН: _______________________________________________________________

    Сала атауы: _______________________________________________________________

    Қызмет түрі: ______________________________________________________________

    Қызметкерлер саны: ________________________________________________________

    Шаруашылық жүргізуші субъектінің санаты: ___________________________________ (шағын/орта/ірі кәсіпорын)

    Өндірістік қуаты, ұлғайту мүмкіндігі: __________________________________________ (өлшем бірлігін міндетті түрде көрсету керек)

    *Өндіруші: ______ Тауар: _______ Тауар көлемі: ________________________________

    * (Трейдер толтырады)

    Өтінім берілген күннің алдындағы жарты жылдағы нақты валюталық түсімнің көлемі

    (ЕДБ анықтамасына сәйкес) _____________________________ теңге/шетел валютасы.

    Өндірістің нақты жүктелуі: ________________________________________ (пайызбен)

    Басшы: ___________________________________________________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса), лауазымы, телефон нөмірі)

    Өтеуге өтінімді толтырған байланыс жасаушы тұлға:

    __________________________________________________________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты( бар болса) лауазымы, электронлдық мекенжайы, телефон, факс нөмірлері)

    Өткізілетін отандық өңделген тауарлар және / немесе көрсетілетін АКҚ туралы мәліметтер: __________________________________________________________________________

    ЕАЭО СЭҚ БТН 6 және одан да көп белгілері деңгейінде тауар позициясын және/немесе

    ЭҚТЖЖ 4 белгісінен кем емес деңгейде көрсете отырып, тауарлардың атауы:

    __________________________________________________________________________

    № р/с
    Та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған елін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
    № р/с
    Ак­ци­о­нер­лер/Өті­ніш бе­ру­ші­нің Қа­ты­су­шы­ла­ры
    Құ­жат­тың ата­уы
    Бе­рі­л­ген кү­ні
    Қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    Та­у­ар­дың ата­уы
    СЭҚ ТН және/ неме­се ЭҚТЖ ко­ды
    СЭҚ ТН ко­ды көр­се­ті­л­ген Та­у­ар­дың ата­уы
    Ак­ци­о­нер­дің/қа­ты­су­шы­ның ата­уы
    Қа­ты­су үле­сі (пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сты көр­се­ту)
    1
    2
    Кестенің жалғасы
    № р/с
    Шарт
    Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың / қыз­мет­тер­дің ак­ті­ле­рі
    Тө­ле­у­ге ар­нал­ған шот / шот-фак­ту­ра
    Тө­лем тап­сыр­ма­сы
    Тө­ле­у­ге ар­нал­ған шот­тар
    Ва­лю­та­лау күн­гі ҚР ҰБ ба­ға­мы
    Өті­ніш бе­ру­ші мә­лім­де­ген шы­ғын­дар (құ­жат­тар бой­ын­ша өті­нім­дер)
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    ҚҚС-сыз және ҚР ак­ц­и­з­де­рі
    Ше­тел­де та­у­ар­лар­ды /АКҚ жар­на­ма­ла­у­ға бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    1
    2
    Көр­ме­лер­ге, фо­рум­дар­ға, жәр­мең­ке­лер­ге, кон­кур­стар­ға, кон­грес­стер­ге, сам­мит және кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, өнім­ді іл­ге­рі­ле­ту­ге бай­ла­ны­сты ше­тел­дік іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­су шы­ғын­да­ры бой­ын­ша (оның ішін­де он­лайн фор­мат­та):
    1
    2
    Ше­тел­де фи­ли­ал­дар­ды, өкіл­дік­тер­ді, са­уда алаң­да­рын, қой­ма­лар мен са­уда сө­ре­ле­рін ұста­у­ға ар­нал­ған шы­ғын­дар:
    1
    2
    Ше­тел­де және элек­трон­дық са­уда алаң­да­рын­да та­у­ар бел­гі­ле­рін (брен­дін) тір­ке­у­ге бай­ла­ны­сты рә­сім­дер­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған шы­ғын­дар:
    1
    2
    Ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­удан, ак­кре­дит­те­уден, ин­спек­ци­ядан өту­ге не өті­ніш бе­ру­ші­нің Са­тып алушы ел­дің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға, шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар (сер­ти­фи­кат­тау, ак­кре­дит­теу, ин­спек­ция рә­сі­мі­нен оң өту не өті­ніш бе­ру­ші­нің Са­тып алушы ел­дің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға, шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тау және сер­ти­фи­кат­тың не рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы ке­зін­де)
    1
    2
    Ұй­ым­ның стан­дарт­та­рын қо­са ал­ған­да, тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­де, стан­дарт­тар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға та­у­ар­лар­дың сәй­кест­і­гін ба­ға­лау рә­сім­де­ріне неме­се шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на неме­се та­у­ар­лар­ды ше­тел­де өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру құқы­ғын рас­та­у­ға бай­ла­ны­сты іс-ша­ра­лар­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған шы­ғын­дар (сәй­кест­ікті ба­ға­лау ту­ра­лы құ­жат­тар), сон­дай-ақ сы­нақ пунк­тіне дей­ін және өнім­нің сы­на­ма үл­гі­ле­рін ке­рі жет­кі­зу ке­зін­де жұм­сал­ған шы­ғын­дар сәй­кест­ікті ба­ға­лау рә­сі­мі­нен өту (рә­сім­дер­ден оң өт­кен және сәй­кест­ікті ба­ға­лау ту­ра­лы құ­жат болған кез­де);
    1
    2
    Ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­удан, ак­кре­дит­те­уден, ин­спек­ци­ядан өту­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар (сер­ти­фи­кат­тау, ак­кре­дит­теу, ин­спек­ция рә­сі­мі­нен оң өт­кен және сер­ти­фи­кат не рас­тай­тын құ­жат болған кез­де):
    1
    2
    Әле­ует­ті са­тып алушы­лар үшін ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы отан­дық ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет­тер мен әзір­ле­ме­лер­ді ше­тел­де көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру­ға және өт­кізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    1
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    2
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру­ға және ав­то­мо­биль, те­мір­жол, әуе, те­ңіз кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ге ақы тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    Орын­дал­ған жұ­мыстар / көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер ак­ті­сі
    Шот-фак­ту­ра / Ин­войс
    Тө­лем тап­сыр­ма­сы
    Кө­лік жүк құ­жат­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі (кө­лік тү­ріне бай­ла­ны­сты)
    Өті­нім бе­ру­ші мен са­тып алушы ара­сын­да жа­сал­ған жет­кі­зу шар­ты
    Ва­лю­та­лау кү­ніне ҚР ҰБ ба­ға­мы
    ҚР ҚҚС-сыз және ак­ц­и­з­дер­сіз мә­лім­дел­ген шы­ғын­дар
    кү­ні
    со­ма­сы
    ай­на­лым кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    ва­гон нө­мі­рі / мем­ле­кет­тік нө­мі­рі және ав­то­мо­биль мар­ка­сы / және бас­қа­лар.
    экс­порт­тық ба­ғыт (экс­порт елі)
    АВР ға тран­скрип­ци­я­ға сәй­кес со­ма
    кү­ні
    1
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    2
    *Жоғарыда келтірілген кестелерді толтыру кезінде ұяшықтарды біріктіруге және жоюға жол берілмейді
    1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: __________________________________________________ тенге. (сомасы сандармен және жазумен)
    2. Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің дұрыстығы үшін, сондай-ақ өтеуге мәлімделген шығындардың бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ағымдағы немесе өзге де мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелмегені, қаржыландырылмағаны және қаржыландырылмағаны үшін жауапкершілікті өзіне алады кәсіпкерлік саласында, сондай-ақ «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығының Қағидасының 4-тармағына сәйкес келеді (Нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелді).
    Басшы: ________________________________________________
    Өтініш берілген күні _____________________________________
    Аббревиатураны таратып жазу:
    БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ҚР ҚҚС – Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы;
    ЕАЭО СЭҚ БТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
    ОЖА – Орындалған жұмыстар актісі;
    ЭҚТЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
    ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
    PDF (портативті құжат пішімі) – PFD (портативті құжат пішімі);
    СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
    АКҚ – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер;

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.