Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2025 ж.

    Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 162-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министрдің міндетін атқарушы

    Е. Біржанов

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 16 мамырдағы

    № 236 бұйрығымен

    бекітілген

    Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабына сәйкес әзірленді және бюджеттік кредиттерді тіркеу, есепке алу және мониторингтеу, бюджеттік кредиттерді пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер), түпкілікті қарыз алушылар ұсынатын ақпарат нысандарын белгілейді.

    2-тарау. Бюджеттік кредиттерді тіркеу тәртібі

    2. Бюджеттік кредиттеу шарттарын, оларға қосымша келісімдерді тіркеу бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның «е-Қаржымині» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «е-Қаржымині» ИААЖ) жүзеге асырылады:

    1) кредиттік шартқа тіркеу нөмірін беру жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер жөніндегі мемлекеттік қазынашылық;

    2) кредиттік шартқа тіркеу нөмірін беру жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттер жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

    3. Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалатын тапсырма шартын тіркеу «е-Қаржымині» ИААЖ-да жүзеге асырылады.

    4. Сенім білдірілген өкіл (агент) мен түпкілікті қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шартты тіркеу «е-Қаржымині» ИААЖ-да кредиттік шартты тіркеу туралы мәліметтерді кейіннен бере отырып, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

    5. Кредиттік шарттың тіркеу нөмірі сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және түпкілікті қарыз алушының тіркеу бірегей нөмірін кейіннен қоса отырып, қарыз алушыны, бюджеттік бағдарлама әкімшісін қоса алғанда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бірегей нөмірін қамтиды.

    3-тарау. Бюджеттік кредиттерді есепке алу тәртібі

    6. Республикалық және жергілікті бюджеттерден берілген бюджеттік кредиттерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджеттен қаражат алушы арасында жасалған кредиттік шарттар мен қосымша келісімдер негізінде мемлекеттік қазынашылық есепке алуға жатады.

    7. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде берілген Бюджеттік кредиттердің тізілімін жүргізеді.

    8. Аударылған және қайтарылған бюджеттік кредиттерді, сыйақыларды және тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есепке алуды мемлекеттік қазынашылық «е-Қаржымині» ИААЖ-да бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкаларында (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) жүзеге асырады.

    Бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, қарыз алушылар және сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде жүргізіледі.

    Аударылған және қайтарылған бюджеттік кредиттерді, сыйақыларды және түпкілікті қарыз алушылар бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есепке алу сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесіндегі есепке алу карточкаларында жүзеге асырылады.

    9. Есепке алу карточкаларынан алынған мәліметтер негізінде «е-Қаржымині» ИААЖ-да республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат алушылар және бюджеттік кредитті игеру туралы талдамалық ақпарат қалыптастырылады.

    10. Қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер) түпкілікті қарыз алушылардың растайтын құжаттарының негізінде есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмейтін мерзімде «е-Қаржымині» ИААЖ-да осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредитті пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты қалыптастырады.

    Түпкілікті қарыз алушылар есепті айдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сенім білдірілген өкілдерге (агенттерге) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредитті пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы ақпарат береді.

    4-тарау. Бюджеттік кредиттерге мониторинг жүргізу тәртібі

    11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), түпкілікті қарыз алушылардың міндетті түрде беретін ақпараты негізінде бюджеттік кредиттердің мониторингін жүзеге асырады.

    12. Бюджеттік кредиттерге мониторинг жүргізу мынадай:

    1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қарыз алушы банктердің, түпкілікті қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) және қаржы агенттіктерінің бюджеттік кредиттерді пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету барысы туралы ақпаратына;

    2) бюджеттік бағдарламаларды орындау мақсаттары үшін тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізулерге;

    3) берілген кредиттер көлемінің деңгейіне;

    4) оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескеріле отырып, алынған нәтижелердің жоспарланған арақатынасының тиімділігіне талдауды қамтиды.

    13. Бюджеттік кредиттер мониторингінің нәтижелері ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып, бюджеттік кредиттерді алу, оларға қызмет көрсету және өтеу және кредиторлық берешектің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат түрінде ресімделеді.

    Бюджеттік кредиттерді

    тіркеу, есепке алу және

    мониторингтеу қағидаларына

    1-қосымша

    Қарыз алушылар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бөлінісінде ұсынылған бюджеттік кредиттер тізілімі

    Қарыз алушы­лар­дың/се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл­дер­дің (агент­тер­дің) ата­уы
    Кре­дит шар­ты­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    Ва­лю­та­сы
    Со­ма­сы
    Кре­дит­ті өтеу кү­ні
    Иге­ріл­ді
    Негіз­гі қарыз
    Сый­а­қы%
    Ай­ып­пұл
    Негіз­гі қары­здың қал­ды­ғы
    кү­ні
    іс жү­зін­де­гі иге­ру со­ма­сы
    кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    со­ма­сы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15

    Бюджеттік кредиттерді

    тіркеу, есепке алу және

    мониторингтеу қағидаларына

    2-қосымша

     Бюджеттік кредиттерді есепке алу карточкасы  
    Қарыз алушының/ сенім білдірілген өкілдің (агенттің) атауы_____
    БСН/ЖСН__
    Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы __
    Өлшем бірлігі: ________
    Опе­ра­ци­я­ның маз­мұ­ны және жа­з­ба жүр­гізу­ге негіз болған құ­жат (ен­гі­зу)
    Бюд­жет­ке ауда­ру/есеп­теу кү­ні
    Кре­дит бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар (негіз­гі қарыз бой­ын­ша)
    өтеу кесте­сі бой­ын­ша есеп­тел­ді
    тө­лем тап­сыр­ма­сы­мен тө­леу
    қарыз алушы­ға/се­нім біл­ді­рі­л­ген өкі­л­ге (агент­ке) ауда­рыл­ды
    тө­лем­дер кесте­сіне сәй­кес
    қай­та­рыл­ды (мер­зі­мі­нен бұ­рын, иге­ріл­ме­ген, мақ­сат­қа сай емес)
    кре­дит бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар бой­ын­ша саль­до (ар­тық тө­лем қай­та­ры­лу­ға жа­та­ды-, (ар­тық)+)
    есеп­тел­ді
    тө­лен­ді
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    кестенің жалғасы
    Сый­а­қы бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар
    Ай­ып­пұл­дар бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар (өсім­пұл, ай­ып­пұл)
    есеп­тел­ді
    тө­лен­ді
    сый­а­қы бой­ын­ша саль­до (+,-)
    есеп­тел­ді (азай­тыл­ды) (+,-)
    тө­лен­ді (қай­та­рыл­ды) ай­ып­пұл­дар (өсім­пұл­дар, ай­ып­пұл­дар) (+;-) s
    ай­ып­пұл­дар бой­ын­ша саль­до (өсім­пұл­дар, ай­ып­пұл­дар) (+,-)
    9
    10
    11
    12
    13
    14

    Бюджеттік кредиттерді

    тіркеу, есепке алу және

    мониторингтеу қағидаларына

    3-қосымша

    Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпарат

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарт
    Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасындағы тапсырма-шарт (бар болса)
    Кредит шарты бойынша сома
    Іс жүзінде игерілген сома
    Кредит валютасы
    Сыйақы мөлшерлемесі
    Қарыз алушы­ның ата­уы
    БСН/ЖСН
    Се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл (агент)/қарыз алушы мен түп­кі­лік­ті қарыз алушы ара­сын­да­ғы кре­дит­тік шарт
    Кре­дит­ті пай­да­ла­ну мер­зі­мі
    Кре­дит­тің мақ­са­ты
    Жыл ба­сын­да­ғы бо­ры­штың қал­ды­ғы
    кү­ні
    нө­мі­рі
    бар­лы­ғы
    оның ішін­де
    негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша
    сый­а­қы­лар бой­ын­ша
    өзге­ле­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    кестенің жалғасы
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек
    Есеп­ті ке­зең­де рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бе­рі­л­ген кре­дит­тер
    Есеп­ті ке­зең­де өте­у­ге жа­та­ды
    бар­лы­ғы
    оның ішін­де
    негіз­гі бо­рыш
    сый­а­қы
    өзге­ле­рі
    негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша
    сый­а­қы­лар бой­ын­ша
    өзге­ле­рі
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    кестенің жалғасы
    Қарыз алушы се­нім біл­ді­рі­л­ген өкі­л­ге (агент­ке) есеп­ті ке­зең­де өте­ге­ні
    Қарыз алушы/се­нім біл­ді­рі­л­ген өкіл (агент) есеп­ті ке­зең­де рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке өте­ге­ні
    кү­ні
    негіз­гі бо­рыш
    сый­а­қы
    өзге­ле­рі
    кү­ні
    негіз­гі бо­рыш
    сый­а­қы
    өзге­ле­рі
    со­ма­сы
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    со­ма­сы
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    со­ма­сы
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    кестенің жалғасы
    Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша бе­ре­шек­тің қал­ды­ғы
    Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек
    Пай­да­ла­ныл­ма­ған кре­дит­со­ма­сы
    Кре­дит­ті мер­зі­мі­нен бұ­рын өтеу со­ма­сы
    бар­лы­ғы
    оның ішін­де
    негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша
    сый­а­қы­лар бой­ын­ша
    өзге­ле­рі
    30 күн­нен астам
    90 күн­нен астам
    со­ма­сы
    несие порт­фе­лін­де­гі үлес
    со­ма­сы
    несие порт­фе­лін­де­гі үле­сі
    32
    33
    34
    35
    36
    37
    38
    39
    40
    41
    кестені жалғасы
    Кре­дит­ті ны­са­на­лы пай­да­ла­ну
    Ті­ке­лей нәти­же (өл­шем бір­лі­гі)
    Түп­кі­лік­ті нәти­же (өл­шем бір­лі­гі)
    ТЖҚ ата­уы, өзге де шы­ғы­стар
    са­ны
    со­ма­сы
    ата­уы
    ата­уы
    жос­пар
    іс жү­зін­де
    жос­пар
    іс жү­зін­де
    жос­пар
    іс жү­зін­де
    жос­пар
    іс жү­зін­де
    42
    43
    44
    45
    46
    47
    48
    49
    50
    кестенің жалғасы
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен тү­се­тін кі­ріс
    Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны, оның ішін­де жа­ңа­дан тір­кел­ген ЖК
    Тө­лен­ген са­лық со­ма­сы
    Қарыз алушы­ның эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ді­лі­гі­нің мәр­те­бе­сі
    Са­ла­лық ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген бас­қа көр­сет­кіш­тер:
    Ес­керт­пе
    жұ­мыс іс­теп тұр
    тоқ­та­ты­ла тұр­ған
    қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған
    ата­уы
    жос­пар
    іс жү­зін­де
    51
    52
    53
    54
    55
    56
    57
    58
    59
    Ескертпе:
    Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты толтыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама шеңберінде берілген қарыз алушы банктердің, түпкілікті қарыз алушылардың, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) және қаржы агенттіктерінің бюджеттік бағдарлама шеңберінде берілген Кредитті пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету барысы туралы ақпаратқа қосымшаға түсініктемеге сәйкес жүзеге асырылады.
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мониторинг жүргізу үшін қосымша ақпарат сұратады.
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ЖК – жеке кәсіпкер;
    ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

    Бюджеттік бағдарлама

    шеңберінде берілген

    кредитті пайдалану, өтеу

    және оған қызмет көрсету

    барысы туралы ақпаратқа

    қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған ақпарат нысанын толтыру бойынша түсініктеме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсініктеме республикалық бюджеттен ішкі көздер есебінен берілген кредиттер бойынша қарыз алушылар, сенім білдірілген өкілдер (агенттер) ұсынатын ақпарат нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Ақпарат нысаны бастапқы есепке алу деректері негізінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 15-күніне дейін, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін толтырылады және ұсынылады.

    3. Ақпарат нысаны ақпараттық жүйе арқылы ұсынылады.

    2-тарау. Ақпарат нысанын толтыру бойынша түсініктеме

    4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарт» деген жолда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалған кредиттік шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

    5. «Қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) (бар болса) арасындағы тапсырма шарты» деген жолда, егер осындай тапсырма шартын жасасу бюджет заңнамасында көзделген болса, қарыз алушы мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған тапсырма шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

    6. «Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы» деген жолда бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі.

    7. «Кредиттік шарт бойынша сома» деген жолда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы кредиттік шарттың сомасы көрсетіледі.

    8. «Іс жүзінде игерілген сома» деген жолда сенім білдірілген өкіл (агент) іс жүзінде игерген кредит сомасы көрсетіледі.

    9. «Кредит валютасы» деген жолда кредиттік шартта белгіленген валюта көрсетіледі.

    10. «Сыйақы мөлшерлемесі» деген жолда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленген бюджеттік кредиттің негізгі шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

    11. 1-бағанда реттік нөмірлер көрсетіледі.

    12. 2 бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

    13. 3-бағанда қарыз алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    14. 4 және 5-бағандарда кредиттік шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

    15. 6-бағанда кредитті пайдалану мерзімі (жылдардағы) көрсетіледі.

    16. 7-бағанда кредиттің мақсаты көрсетіледі.

    17. 8-бағанда жыл басындағы борыштың барлық қалдығы көрсетіледі.

    18. 9-бағанда негізгі борыш бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

    19. 10-бағанда сыйақы бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

    20. 11-бағанда басқа төлемдер бойынша жыл басындағы борыштың қалдығы көрсетіледі.

    21. 12-бағанда есепті кезеңнің басындағы барлық мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    22. 13-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    23. 14-бағанда сыйақылар бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    24. 15-бағанда басқа төлемдер бойынша есепті кезеңнің басына мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    25. 16-және 17-бағандарда есепті кезеңде республикалық бюджеттен кредиттер беру күні мен сомасы көрсетіледі.

    26. 18-бағанда есепті кезеңде өтеуге жататын негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.

    27. 19-бағанда есепті кезеңде төленуге жататын сыйақы сомасы көрсетіледі.

    28. 20-бағанда есепті кезеңде өтеуге жататын өзге де сомалар көрсетіледі.

    29. 21-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) есепті кезең үшін өтеу күні көрсетіледі.

    30. 22-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін өтеуі көрсетіледі.

    31. 23-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) сыйақы бойынша есепті кезең үшін төлейтін сомасы көрсетіледі.

    32. 24-бағанда қарыз алушының сенім білдірілген өкілге (агентке) басқа төлемдер бойынша есепті кезең үшін өтеу сомасы көрсетіледі.

    33. 25-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) есепті кезең үшін республикалық бюджетке жүргізген өтеуінің күні көрсетіледі.

    34. 26-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) негізгі борыш бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке жүргізген өтеу сомасы көрсетіледі.

    35. 27-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) негізгі борыш бойынша есепті кезеңде республикалық бюджетке жүргізген өтеуі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

    36. 28-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) сыйақы бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке төлейтін төлемдер сомасы көрсетіледі.

    37. 29-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) сыйақы бойынша есепті кезеңде республикалық бюджетке жүргізген төлемдері бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

    38. 30-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) өзге төлемдер бойынша есепті кезең үшін республикалық бюджетке өтеу сомасы көрсетіледі.

    39. 31-бағанда қарыз алушының/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) есепті кезеңде басқа төлемдер бойынша республикалық бюджетке өткізген өтеуі бойынша бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.

    40. 32-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңындағы берешектің қалдығы көрсетіледі.

    41. 33-бағанда есепті кезеңнің соңында барлық мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    42. 34-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 30 күннен астам мерзімі өткен берешек сомасы көрсетіледі.

    43. 35-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 30 күннен астам мерзімі өткен берешектің несие портфеліндегі үлесі көрсетіледі.

    44. 36-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 90 күннен астам мерзімі өткен берешек сомасы көрсетіледі.

    45. 37-бағанда негізгі борыш бойынша есепті кезеңнің соңында 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің несие портфеліндегі үлесі көрсетіледі.

    46. 38-бағанда сыйақылар бойынша есепті кезеңнің соңында мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    47. 39-бағанда өзге төлемдер бойынша есепті кезеңнің соңында мерзімі өткен берешек көрсетіледі.

    48. 40-бағанда кредиттердің пайдаланылмаған сомасы көрсетіледі.

    49. 41-бағанда кредитті мерзімінен бұрын өтеу сомасы көрсетіледі.

    50. 42-бағанда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, өзге де шығыстардың атауы көрсетіледі (деректер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген электрондық шот-фактуралар; тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжаттар (кедендік декларация); 328.00-нысан бойынша тауарларды әкелу туралы өтініш).

    51. 43 және 44-бағандарда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштері сандық мәнде көрсетіледі.

    52. 45 және 46-бағандарда кредиттің нысаналы пайдаланылуын растайтын жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштері жиынтық мәнде көрсетіледі.

    53. 47 және 48-бағандарда жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып және өлшем бірлігін көрсете отырып, тікелей көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

    54. 49 және 50-бағандарда жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып және өлшем бірлігін көрсете отырып, түпкілікті көрсеткіштің атауы көрсетіледі.

    55. 51-бағанда есепті кезеңде кәсіпкерлік қызметтен алынған және есептіліктің салық нысандарында көрсетілген кіріс көрсетіледі.

    56. 52-бағанда құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі, оның ішінде жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер көрсетіледі.

    57. 53-бағанда төленген салықтардың сомасы көрсетіледі, атап айтқанда: корпоративтік/жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, бірыңғай жер салығы, бөлшек салық, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы.

    58. 54, 55 және 56-бағандарда қарыз алушының экономикалық белсенділігінің мәртебесі (жұмыс істейтін, жұмысын уақытша тоқтатқан, жұмысын тоқтатқан не таратқан) көрсетіледі.

    59. 57 және 58-бағандарда (бар болса) жоспарлы және іс жүзіндегі көрсеткіштерге бөле отырып, салалық ерекшеліктерді ескере отырып, басқа көрсеткіштер көрсетіледі.

    60. 59-бағанда ескертпе бар болса көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.