2025 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 мамыр 2025 ж.

    2025 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    C. Шәпкенов

    Атырау облысы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    12 мамырдағы № 89

    қаулысына қосымша

    2025 жылдың екінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    № п/п
    Тауар атауы
    Өлшем бірлігі
    Бағасы, теңге
    1
    Бірінші сортты бидай ұны
    1 (бір) килограмм
    280
    2
    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
    1 (бір) килограмм
    299
    3
    Рожки (өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    415
    4
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    472
    5
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
    1 (бір) килограмм
    667
    6
    Картоп
    1 (бір) килограмм
    377
    7
    Асханалық сәбіз
    1 (бір) килограмм
    241
    8
    Басты пияз
    1 (бір) килограмм
    270
    9
    Ақ қауданды қырыққабат
    1 (бір) килограмм
    264
    10
    Ақ қант-құмшекер
    1 (бір) килограмм
    564
    11
    Күнбағыс майы
    1 (бір) литр
    950
    12
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
    1 (бір) килограмм
    3245
    13
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
    1 (бір) килограмм
    1723
    14
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
    1 (бір) килограмм
    7211
    15
    Тауық жұмыртқасы (I санатты)
    ондық
    628
    16
    Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
    1 (бір) килограмм
    122
    17
    Сүзбе: майлылығы 5-9 %
    1 (бір) килограмм
    2361

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.