Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту:
жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі
Г. Ашимов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.