«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 мамыр 2025 ж.

    ««Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

    1-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға, олардың уәкілетті өкілдеріне - қамқоршыларға, сенімді тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), өкілеттігін растайтын құжаттар (қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжат, сенімхат), объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.»;

    1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 15 мамырдағы

    № 163 бұйрығына

    1-қосымша

    «Жылжымайтын мүлік

    объектісінің мекенжайын

    беру/жою» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын бе­ру/жою» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1. Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын бе­ру;
    2. Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын жою.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры және аудан­дар мен об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры.
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сі­лі
    өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Аста­на, рес­пуб­ли­ка­лық және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар үшін - 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    аудан­дар үшін - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    1) жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма-хат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап;
    2) жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын жою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма-хат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін.
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі ас­қа үзі­лі­сі бар, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да;
    2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­ді­рі­л­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын бе­ру үшін:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды (жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы анық­та­ма, шар­ттар, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­шім­де­рі, сот ше­шім­де­рі, мұ­ра­гер­лік құқы­ғы және т.б.), өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды (қам­қор­шы­лық­тың бел­гі­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат, се­нім­хат), қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің ме­кен­жай­ын жою үшін:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар­ды (жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы анық­та­ма, шар­ттар, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ше­шім­де­рі, сот ше­шім­де­рі, мұ­ра­гер­лік құқы­ғы және т.б.), өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­ды (қам­қор­шы­лық­тың бел­гі­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат, се­нім­хат), объ­ек­ті­лер­ді кей­ін­нен кә­де­ге жа­ра­ту (ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды бұ­зу) жө­нін­де­гі жұ­мыстар ке­ше­нін жүр­гізу­ге рұқ­сат­ты қыз­мет­ті бе­ру­ші ЭҮШ ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    3) ғи­ма­рат­тар мен құ­ры­лы­стар­ды бұ­зу ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­рі
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рін ад­ре­стеу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 22 жел­тоқ­сан­да­ғы № 783 және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1262 (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12938 бо­лып тір­кел­ген) бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рін ад­ре­стеу қа­ғи­да­ла­ры­мен бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

    бұйрығына 2-қосымша

    «Жылжымайтын мүлік

    объектісінің мекенжайын

    беру/жою» мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    ____________________________

    ____________________________

    Өтініш

    ______________________________________________________________________________ бойынша орналасқан:

    ___________________________________________________________________________________ (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

    ___________________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________________ мекенжай (ын) беруді/жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

    Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі_________________________________________________.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.

    20__ жылғы «___» __________________ Тапсырды _________________________ (Қолы) Телефон нөмірі_____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.