Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2025 ж.

    Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекiтiлсiн.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Ұлттық экономика министрі

    2025 жылғы 30 сәуірдегі

    № 21 Бұйрықпен

    бекітілген

    Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын айқындайды.

    2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, оның ішінде мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.

    3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

    4. Бағалау:

    1) есепті кезеңде тұтас және түрлері бойынша: республикалық және коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты;

    2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарын бағалауды;

    3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.

    5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

    2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

    3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

    4) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, ұйымдастыру және мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға;

    5) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС);

    6) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат.

    6. Осы Қағидаларда Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына қолданылады.

    2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі

    7. Бағалау екі кезеңмен жүзеге асырылады:

    1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;

    2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларда 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).

    8. Бағалау мынадай ақпараттың:

    1) осы Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп) негізінде жүзеге асырылады.

    Есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараты ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

    Есепті жасауға арналған ақпарат көзі мыналар:

    ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;

    мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылайтын АҚ-ның (ЖШС-ның) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептері;

    бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру нәтижелері;

    мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке жүргізілген түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері;

    2) есепке қоса берілетін талдамалық жазба еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

    жағымды тұстары мен кемшіліктері көрсетілген есеп көрсеткіштерін талдау;

    есепті жылы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;

    төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылайтын АҚ-ны (ЖШС-ны) қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;

    ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелік кемшіліктер мен проблемалар;

    ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;

    3) осы Қағидаларда 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру нәтижелері;

    4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері;

    5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қаулысымен сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындарды және заңды тұлғаларды басқару тиімділігі мониторингінің нәтижелері.

    9. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары даму жоспарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    10. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мынадай ақпаратты:

    1) осы есепке талдамалық жазбаның электрондық (сканерленген) көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті;

    2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді орналастырады.

    11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

    12. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есеп орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының электрондық мекенжайына есепті мемлекеттік мүлік тізілімінде жариялау не есепті жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

    Есепті жариялаудан бас тарту үшін:

    1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болмауы;

    2) тиісті саланың уәкілетті органына, жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбамен есепке қол қою негіз болып табылады.

    Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есепті жариялаудан бас тартқан жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ескертулерді жояды және есепті туралы жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті мемлекетті мүлік тізіліміне қайта ұсынады.

    13. Бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

    1) «Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» өлшемшарты қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болуын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді.

    Нөлдік қаржылық нәтиже оң нәтиже ретінде айқындалады;

    2) «Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету» өлшемшарты мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылылығы мен толықтығын көрсетеді.

    Осы өлшемшарт бойынша есепті кезеңде оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.

    3) «Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» өлшемшарты бойынша мыналар айқындалады:

    мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

    мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

    әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

    Көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны;

    4) «Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу» өлшемшарты бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;

    5) «Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» өлшемшарты бойынша мыналар айқындалады:

    мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

    мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

    6) «Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» өлшемшарты бойынша бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны айқындалады.

    7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі» өлшемшарты бойынша мыналар:

    мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;

    мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.

    14. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша айқындалады.

    Ағымдық өтімділік коэффициенті бойынша шаруашылық қызмет жүргізу және ұйымның жедел міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі айқындалады.

    Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық (айналым) активтерінің ұйымның ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі.

    Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы айқындалады.

    Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражатының ұйымның айналым активтері шамасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатының мөлшері меншікті қаражат пен оның айналымнан тыс активтері арасындағы айырма ретінде есептеледі.

    Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) мына шарттардың бірі болған кезде:

    1) ағымдық өтімділік коэффиценті есепті кезеңнің соңында 1,5-тен кем мәнге ие болса;

    2) меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффиценті есепті кезеңнің соңында 0,1-ден кем мәнге ие болса төлемге қабілетсіз болып саналады.

    15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

    1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;

    2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын тізілімнің веб-порталында қалыптастырады;

    3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есепті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалыптастырады.

    16. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтауды жүргізеді:

    1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

    тиімділігі жоғары (10-8 балл)

    тиімділігі орташа (7-4 балл);

    тиімділігі төмен (3-0 балл);

    2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

    тиімділігі жоғары (20-18 балл);

    тиімділігі орташа (17-8 балл);

    тиімділігі төмен (7-0 балл);

    мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

    тиімділігі жоғары (18-16 балл);

    тиімділігі орташа (15-8 балл)

    тиімділігі төмен (7-0 балл);

    3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

    тиімділігі жоғары (16-14 балл);

    тиімділігі орташа (13-6 балл);

    тиімділігі төмен (5-0 балл);

    4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

    тиімділігі жоғары (16-14 балл);

    тиімділігі орташа (13-6 балл);

    тиімділігі төмен (5-0 балл).

    17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қоса берілетін материалдардың құрамына енгізу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі екінші жылдың 1 (бірінші) ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

    Мемлекеттік мүлікті басқару

    тиімділігін бағалау қағидаларына

    1-қосымша

    Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің балдары

    Р/с
    Өл­шем­шарт/көр­сет­кіш ата­уы
    Балл
    1
    2
    3
    1
    Те­ріс қар­жы­лық нәти­же­сі бар ұй­ым­дар са­ны­ның аза­юы
    Те­ріс қар­жы­лық нәти­же­сі бар ұй­ым­дар­дың бол­мауы
    2
    Бо­луы
    0
    Есеп­ті жыл­да­ғы өзге­рі­стер:
    азаю жа­ғы­на қа­рай
    1
    ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай неме­се өзге­ріс­сіз
    0
    2
    Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның (қа­ты­су үле­сі­нің) мем­ле­кет­тік па­ке­тіне мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы бө­лі­гі­нің бюд­жет­ке тү­сім­де­рін және ди­ви­денд­тер­ді (кі­рі­стер­ді) қам­та­ма­сыз ету
    Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­кет­те­ріне (қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы неме­се то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар­дың бол­мауы
    2
    Бо­луы
    0
    3
    Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
    3.1
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бюд­жет ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Бюд­жет ко­дек­сі) 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы ай­қын­дал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны.
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
    2
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
    0
    3.2
    Бюд­жет ко­дек­сі­нің 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны.
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
    2
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
    0
    3.3
    Бюд­жет ко­дек­сі­нің 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен және офи­стік жи­һаз­бен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны.
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
    2
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
    0
    3.4
    «Ак­ци­я­ла­ры­ның ба­қы­лау па­кет­те­рі мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­ды, ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­ды және олар­да­ғы мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сте­рі­нің мөл­ше­рі қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы жи­на­лы­сы­ның ше­ші­мін анық­та­у­ға мем­ле­кет­ке мүм­кін­дік бе­ре­тін жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­ді оң­тай­лан­ды­ру мақ­са­ты­мен олар­дың әкім­ші­лік шы­ғы­ста­ры­ның мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу те­ті­гін анық­тау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 10 ақ­пан­да­ғы № 145 қа­улы­сы­ның (бұ­дан әрі – № 145 қа­у­лы) 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру алаң­да­ры нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) са­ны
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
    2
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
    0
    3.5
    № 145 қа­улы­ның 1-4-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген ар­на­у­лы кө­лік құ­рал­да­ры­ның ти­е­сі­лі­лік нор­ма­тив­те­рі­нен асып ке­туі анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың са­ны
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
    2
    Есеп­ті ке­зең­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған тек­се­ру­лер­де бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
    4
    Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­деу, пас­порт­тау және қай­та ба­ға­лау жүр­гі­зу
    Ба­лан­сын­да пас­порт­тау жүр­гі­зу та­лап еті­ле­тін объ­ек­ті­ле­рі бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың бол­мауы
    2
    Бо­луы
    0
    5
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша есеп­тер­ді мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне ұсы­ну
    5.1
    Бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) са­ны
    Бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бол­мауы
    1
    Бо­луы
    0
    5.2
    Да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген есеп­тер­ді мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) са­ны
    Да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы бой­ын­ша бе­кі­ті­л­ген есеп­тер­ді мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бол­мауы
    1
    Бо­луы
    0
    6
    Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
    Бар­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын­да ұй­ым­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау жө­нін­де­гі қыз­ме­тін си­паттай­тын, сан­дық ба­ға­ла­у­ға жа­та­тын түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер ай­қын­дал­ған
    2
    Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын­да ұй­ым­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау жө­нін­де­гі қыз­ме­тін си­паттай­тын, сан­дық ба­ға­ла­у­ға жа­та­тын түй­ін­ді көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бо­луы
    0
    7
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС)-ның мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі
    7.1
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қыз­ме­ті­нің негіз­гі көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу­ді ба­ға­лау
    Бар­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген негіз­гі көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ды
    2
    Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген негіз­гі көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бо­луы
    0
    7.2
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты­лы­ғын ба­ға­лау
    Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бол­мауы
    2
    Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен АҚ (ЖШС) мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы кә­сі­по­рын­дар­дың бо­луы
    0

    Мемлекеттік мүлікті басқару

    тиімділігін бағалау қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп ____________________________________________________________________ ______ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

    ______________ (есепті кезең)

    Р/с №
    Көр­сет­кіш­тер
    өл­шем бір­лі­гі
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де:
    мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
    мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар
    мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар
    мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең ба­сын­да
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
    бір­лік
    Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы)
    бір­лік
    2
    «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты*
    қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны:
    Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
    бір­лік
    Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы)
    бір­лік
    3
    «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты*
    Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    4
    «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты*
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    5
    «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты*
    Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    6
    «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты*
    6.1
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    6.2
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    7
    «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты*
    Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    8
    «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты*
    8.1
    Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны
    бір­лік
    Х
    8.2
    Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    Ескертпе: «Х» белгісімен белгіленген жолдар толтырылмайды;
    * есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының (қатысу үлесінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік атқарушы органның ауысуы орын алған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.
    Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы

    ____________

    __________________________________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Мемлекеттік мүлікті басқару

    тиімділігін бағалау қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер ___________________________________________________________________ ______ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

    _______________ (есепті кезең)

    Р/с
    Тексерілген ұйымның атауы
    Тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органының атауы
    Тексеру нәтижелері
    Бұзушылықтар анықталған жоқ
    Анықталған бұзушылықтар:
    Тиістілік нормативінің (нормаларының) артуы
    Мемлекеттік тіркеудің болмауы
    үй-жайлар (бірлік/ ш.м)
    көлік құралдары (бірлік)
    жылжымайтын мүлік объектілері (бірлік)
    көлік құралдары (бірлік)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы

    __________ ______________________________ (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

    Мемлекеттік мүлікті басқару

    тиімділігін бағалау қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Бағалау парағы

    _____________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

    ______________ (есепті кезең)

    Мемлекеттік мекемелерді басқару

    Р/с №
    Өл­шем­шар­ттың/көр­сет­кіш­тің ата­уы
    Балл
    1
    2
    3
    1
    Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
    2
    Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
    2.1
    Бюд­жет ко­дек­сі­нің 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­рын сақ­тау.
    2.2
    Бюд­жет ко­дек­сі­нің 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­рын сақ­тау.
    2.3
    Бюд­жет ко­дек­сі­нің 70-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғы­на сәй­кес бюд­жет­тік жос­пар­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен және офи­стік жи­һаз­бен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­рын сақ­тау.
    3
    Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
    Жиы­ны:

    Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару

    Р/с №
    Өл­шем­шарт/көр­сет­кіш ата­уы
    Балл
    1
    2
    3
    1
    Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
    2
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар та­за кі­рі­сі­нің бір бө­лі­гі­нің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
    3
    Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
    3.1
    «Ак­ци­я­ла­ры­ның ба­қы­лау па­кет­те­рі мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­ды, ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­ды және олар­да­ғы мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сте­рі­нің мөл­ше­рі қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы жи­на­лы­сы­ның ше­ші­мін анық­та­у­ға мем­ле­кет­ке мүм­кін­дік бе­ре­тін жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер­ді оң­тай­лан­ды­ру мақ­са­ты­мен олар­дың әкім­ші­лік шы­ғы­ста­ры­ның мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу те­ті­гін анық­тау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 10 ақ­пан­да­ғы № 145 қа­улы­сы (бұ­дан әрі – № 145 қа­у­лы) 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
    3.2
    № 145 қа­улы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лік нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
    3.3
    № 145 қа­улы­ның 1-4-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терiн сақ­тау
    4
    Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
    5
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп­тер­ді ұсы­ну
    5.1
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
    5.2
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы жө­нін­де­гі­е­сеп­тер­ді ұсы­ну
    6
    Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
    7
    Мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі
    7.1
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар қыз­ме­ті­нің түй­ін­ді көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу­ді ба­ға­лау
    7.2
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты­лы­ғын ба­ға­лау
    Жиы­ны:

    Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару

    Р/с №
    Өл­шем­шар­ттың/көр­сет­кіш­тің ата­уы
    Балл
    1
    2
    3
    1
    Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
    2
    Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­кет­те­ріне ди­ви­денд­тер­дің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
    3
    Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
    3.1
    № 145 қа­улы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
    3.2
    № 145 қа­улы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лік нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
    4
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп­те­рін ұсы­ну
    4.1
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
    4.2
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп­тер­ді ұсы­ну
    5
    Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
    6
    Мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі
    6.1
    Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қыз­ме­ті­нің түй­ін­ді көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу­ді ба­ға­лау
    6.2
    Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты­лы­ғын ба­ға­лау
    Жиы­ны:

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару

    Р/с №
    Өл­шем­шар­ттың/көр­сет­кіш­тің ата­уы
    Балл
    1
    2
    3
    1
    Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
    2
    Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стікте мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне та­за кі­рі­стің бір бө­лі­гі­нің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
    3
    Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
    3.1
    № 145 қа­улы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
    3.2
    № 145 қа­улы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 3) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лік нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
    4
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы жө­нін­де­гі­е­сеп­те­рін ұсы­ну
    4.1
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
    4.2
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры­ның орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп­тер­ді ұсы­ну
    5
    Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
    6
    Мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі
    6.1
    Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қыз­ме­ті­нің түй­ін­ді көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу­ді ба­ға­лау
    6.2
    Мем­ле­кет ба­қы­лай­тын АҚ (ЖШС) қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның тұ­рақ­ты­лы­ғын ба­ға­лау
    Жиы­ны:

    Мемлекеттік мүлікті басқару

    тиімділігін бағалау қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп

    _________________ (есепті кезең)

    Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның және аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла, ауыл, кент, ауыл­дық округ әкі­мі ап­па­ра­ты­ның ата­уы
    Көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де:
    Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
    Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар
    Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар
    Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең ба­сын­да
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
    бір­лік
    Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы)
    бір­лік
    «Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» өл­шем­шар­ты
    қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны:
    Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да
    бір­лік
    Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
    бір­лік
    Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы)
    бір­лік
    «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» өл­шем­шар­ты
    Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    «Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» өл­шем­шар­ты
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын ор­на­ла­сты­ру үшін алаң­дар­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды қыз­мет­тік және ке­зек­ші ав­то­мо­биль­дер­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның ар­туы анық­тал­ған ұй­ым­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ды те­ле­фон бай­ла­ны­сы­мен, кең­се жи­һазы­мен қам­та­ма­сыз ету­дің заттай нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    Әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­кіт­кен ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    Х
    «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» өл­шем­шар­ты
    Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар са­ны
    бір­лік
    Х
    Х
    «Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» өл­шем­шар­ты
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    «Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» өл­шем­шар­ты
    Бе­кі­ті­л­ген да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    «Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) мем­ле­кет қа­ра­жа­ты мен ак­тив­те­рін пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гі» өл­шем­шар­ты
    Да­му жос­па­рын­да көр­се­ті­л­ген түй­ін­ді көр­сет­кіш­тер­ді орын­да­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) са­ны
    бір­лік
    Х
    Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
    бір­лік
    Х
    Ескертпе: «Х» белгіленген жолдар толтырылмайды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.