Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 «Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 «Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 «Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №190231 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Тойлыбаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.