«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 62-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу, нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу, төлеу, қайтару және пайдалану тәртібін айқындайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың шеңберінде Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі деп валюталық активтер бойынша жаһандық кастодиан ұсынатын деректер негізінде есептелген және Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайтын Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте көрініс табатын Ұлттық қордың валюталық бөлігінің пайызбен көрсетілген, уақыт бойынша мөлшерленген кірістілігі түсініледі.»;
39-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтарды аударуға, есепке жатқызу мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын жабу Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларына 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6.1, 6.2, 6.3, 6.4 және 6.5-жолдармен толықтырылсын:
«
|
6.1.
|
Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы
|
|
|
6.2.
|
Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар (5-бағанда ескерілді)
|
|
|
6.3.
|
Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған, бұрын ескерілмегендер (7-бағанда ескерілді)
|
|
|
6.4.
|
Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болмаған, бұрын ескерілгендер (8-бағанда ескерілді)
|
|
|
6.5.
|
6.1 – 6.4-бағандарда көрсетілген өзгерістерді ескергенде барлығы (6.1 - 6.2 + 6.3 - 6.4-бағандар)
|
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.