«Катонқарағай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 мамыр 2025 ж.

    «Катонқарағай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Катонқарағай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Б. Болаев

    Катонқарағай аудандақ

    мәслихатының 2025 жылғы

    2025 жылғы 14 мамырдағы

    № 27/315 – VIII шешіміне

    қосымша

    Катонқарағай ауданыны бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жинақталу нормасы
    Жылна 1 тұрғынға м3
    Есептік бірлігі
    Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз тенге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз тенге)
    Жинау және тасымалдау
    Көму
    Сұрыптау
    ҚҚС-сыз
    ҚҚС- қоса
    Жайлы үйлер
    1,82
    Бір тұрғынға айына
    264,49
    110,04
    0,00
    374,53
    419,47
    Жайлы емес үйлер
    1,86
    270,31
    112,45
    0,00
    382,76
    428,69
    Жеке жіне заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    -
    1 м3
    1743,91
    725,52
    0,00
    2 469,43

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.