Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 мамыр 2025 ж.

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    М. Сұлтанғазиев

    Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «__» ___________ «Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы» № _____ қаулысына келісім парағы.

    Енгізуші:

    Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қ. Бахытұлы

    Келісілді:

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахым

    Облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаев

    Облыс әкімінің орынбасары Б. Күренбеков

    Облыс әкімінің орынбасары Ә. Масабаев

    Облыс әкімінің аппарат басшысы М. Мәдіғұлов

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Ораз

    Облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы А. Абижанова

    Облыс әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Г. Жорабаева

    Бекітемін

    «Алматы облысы әкімінің

    аппараты» ММ-нің басшысы

    ____________ М. Мәдіғұлов

    2025 жыл «___» ___________

    Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «__» ___________ «Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы» № _____ қаулысына тарату парағы.

    1. Облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаевқа – электрондық нұсқада;

    2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына – 1 дана;

    3. Облыс әкімі аппаратының заң бөліміне – электрондық нұсқада;

    4. Аудандар және Қонаев, Алатау қалаларының әкімдіктеріне – электрондық нұсқада.

    Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қ. Бахытұлы

    Облыс әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы А. Әбілмәжін

    Жіберілді: 2025 ж. «___» ___________

    Алматы облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «____» __________

    № ____ қаулысына қосымша

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІI тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Р/с
    Та­у­ар ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар азық-тү­лік та­у­ар­лар ба­ға­сы­ның шек­ті мән­де­рі (тең­ге)
    1
    Та­зар­ты­л­ған кү­ріш (до­ма­лақ дән­ді, өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    557
    2
    Бі­рін­ші сұ­рып­ты би­дай ұны
    кг
    298
    3
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы (дән, өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    281
    4
    Бі­рін­ші сорт­ты ұн­нан жа­сал­ған би­дай на­ны (пі­шін­ді)
    кг
    5
    Рож­ки (өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    355
    6
    Сиыр еті (сүй­ек­ті жа­уы­рын-төс бө­лі­гі)
    кг
    3379
    7
    Та­уық еті (сан сүй­ек және ір­ге­лес жұм­сақ еті бар сан жі­лік)
    кг
    1447
    8
    Па­стер­лен­ген сүт, май­лы­лы­ғы 2,5%, жұм­сақ қап­та­ма­да
    литр
    528
    9
    Май­лы­лы­ғы 2,5% ай­ран, жұм­сақ қап­та­ма­да
    литр
    522
    10
    Сүз­бе: май­лы­лы­ғы 5-9%
    кг
    2577
    11
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы (I са­нат­ты)
    он да­на
    669
    12
    Са­ры май (тұз­дал­ма­ған, май­лы­лы­ғы ке­мін­де 72,5%, то­лық­тыр­ғы­штар және өсім­дік май­ла­ры жоқ)
    кг
    4930
    13
    Күн­ба­ғыс майы
    литр
    952
    14
    Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат
    кг
    237
    15
    Ба­сты пи­яз
    кг
    160
    16
    Ас­ха­на­лық сә­біз
    кг
    198
    17
    Кар­топ
    кг
    300
    18
    Ақ қант – құм­ше­кер
    кг
    480
    19
    Ac тұ­зы («Экс­т­ра»-дан бас­қа)
    кг
    93

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.