Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 04 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 сәуір 2025 ж.

    Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 04 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Абай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Абай ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы №04 «Көшелерге атау беру туралы» шешіміне (Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы «05» ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    орыс тіліндегі шешімнің 1-ші тармақтың 2) тармақшасындағы «Ахмет Байтурсынулы» деген сөздер «Ахмет Байтұрсынұлы» деген сөздермен өзгертілсін;

    2. Қазақ тіліндегі шешімнің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай ауылдық округі әкімі

    Б.Оспанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.