Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 мамыр 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Түлкібас кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Түлкібас кенті жерінен жалпы көлемі 0,0114 гектар жер учаскесін «KazAgroVision» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кәріз жүйесі желілерін пайдалану үшін, жер учаскелерін алып қоймастан 5(бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    3. Осы шешімнің орындаулын бақылауды бас маманы Ә.Баутаевқа жүктелсін.

    Түлкібас кенті әкімі

    Е.Айтымбетов

    Түлкібас кенті әкімінің

    2025 жылғы ____

    № ____ шешіміне қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленетін жерлердің тізімі

    Ауылдық округ атауы
    Кадастрлық номері (бар болса)
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атаулары
    Жалпы жер көлемі (гектар)
    Сервитут белгіленетін жер көлемі (гектар)
    Түлкібас кенті
     
    «Түлкібас ауданы әкімдігінің Түлкібас кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
     0,0114 гектар
     0,0114 гектар
    Барлығы:
     
     
     
     0,0114 гектар

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.