Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздігін және экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесінде:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
30.
|
«QazaqGaz Aimaq» АҚ
|
«Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінде есепке алынған.
»;
реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
54.
|
«Turanium» ЖШС
|
«Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде есепке алынған.
»;
2) «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
3.
|
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС қатысу үлесінің 100 %-ы
»;
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
5.
|
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ акциялар пакетінің 94,3292 %-ы
|
|
|
6.
|
«Волковгеология» АҚ акциялар пакетінің 99,7896 %-ы
»;
реттік нөмірі 16-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
18.
|
«Семізбай-U» ЖШС қатысу үлесінің 51 %-ы
»;
реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
28.
|
«Бұқтырма ГЭС» АҚ акциялар пакетінің 96,3 %-ы
»;
реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
46.
|
«QazaqGaz Aimaq» АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы
»;
реттік нөмірі 74-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
74.
|
«Turanium» ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 89-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
89.
|
«У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ гидроэлектр станциясы» АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы
»;
«Магистралдық мұнай құбырлары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
3.
|
«Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбыры («Өзен» бас мұнай айдау станциясынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін)
»;
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
5.
|
«Өзен – Жетібай – Ақтау» мұнай құбыры (2-желі)
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
5-1.
|
«Өзен – Жетібай – Ақтау» мұнай құбыры (Ø720 мм)
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
6.
|
«Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станциясы – Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты» мұнай құбыры
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
6-1.
|
«Нұрибек Нәбиұлы Шманов атындағы мұнай айдау станциясы – Атырау мұнай өңдеу зауыты» мұнай құбыры
»;
реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
13.
|
«Кеңқияқ – Бестамақ» мұнай құбыры
|
|
|
14.
|
«Омбы – Павлодар» мұнай құбыры (Ресей Федерациясының шекарасынан «Павлодар» бас мұнай айдау станциясына дейін)
»;
реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
16.
|
«Құмкөл – Қарақойын» мұнай құбырының үш желісі (диаметрі 530 мм, 720 мм және 820 мм)
|
|
|
17.
|
«Шымкент – Шағыр» мұнай құбыры
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22 және 23-жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
|
21.
|
«Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясы» мұнай құбыры – «Жаңа жол – Кеңқияқ» мұнай құбыры
|
|
|
22.
|
«Солтүстік Бозащы – Қаражанбас» мұнай құбыры
|
|
|
23.
|
«Павлодар – Павлодар мұнай-химия зауыты» мұнай құбыры
»;
«Магистралдық газ құбырлары» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16, 17, 18, 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
|
16.
|
«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры
|
|
|
17.
|
«Алматы – Талдықорған» газ құбыры
|
|
|
18.
|
132-188 км учаскесіндегі «Жаңажол – Ақтөбе» газ құбыры
|
|
|
19.
|
«Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбыры
|
|
|
20.
|
«Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбыры (2-желі)
»;
«Су шаруашылығы құрылыстары» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
7.
|
У.Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС-нің мүліктік кешені
»;
«Атом энергиясын пайдаланатын объектілер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
3.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ – акционерлік қоғам;
ГЭС – гидроэлектр станциясы;
ЕМК – еншілес мемлекеттік кәсіпорын;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 24-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
30.
|
«Turanium» ЖШС қатысу үлесінің 50 %-ы
»;
реттік нөмірі 99-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
40.
|
«КЕGОС» АҚ акциялар пакетінің 15 %-ы
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43 және 44-жолдармен толықтырылсын:
«
|
|
|
41.
|
«Семізбай-U» ЖШС қатысу үлесінің 49 %-ы
|
|
|
42.
|
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ акциялар пакетінің 5,6708 %-ы
|
|
|
43.
|
«Волковгеология» АҚ акциялар пакетінің 0,2104 %-ы
|
|
|
44.
|
«Бұқтырма ГЭС» АҚ акциялар пакетінің 3,7 %-ы
»;
«Магистралдық газ құбырлары» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
«
|
|
|
3.
|
«Сарыбұлақ – Майқапшағай» газ құбыры
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.