Қарағанды қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2025 ж.

    Қарағанды қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А.Бөкенов

    Қарағанды қалалық мәслихатының

    2025 жылғы «30» сәуірдегі

    № 254 шешіміне

    Қосымша

    Қарағанды қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

    № п/п
    Атауы
    Есептік бірлік
    Қызметтің құны Қосылған құн салығын ескере отырып (теңге)
    1.
    Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
    1.1.
    Жайлы үйлер
    Тұрғын/1айда
    595
    1.2.
    Жайлы емес үйлер
    Тұрғын/1айда
    764
    2.
    Жеке, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
    1 м3
    4 059
    Оның ішінде қызмет түрлері бойынша:
    2.1.
    Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау
    1 м3
    3 181
    2.2.
    Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау
    1 м3
    388
    2.3.
    Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму
    1 м3
    490

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.