«Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 720 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5758 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасының 2-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

    «2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;».

    2. «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Қызылорда қаласының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Н. Налибаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы Су ресурстары

    және ирригация министрлігі

    Су ресурстарын реттеу, қорғау

    және пайдалану комитетінің

    Су ресурстарын реттеу, қорғау

    және пайдалану жөніндегі

    Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы Экология

    және табиғи ресурстар министрлігі

    Экологиялық реттеу және бақылау

    комитетінің Қызылорда облысы

    бойынша Экология департаменті»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық

    сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау комитеті Қызылорда облысының

    санитариялық-эпидемиологиялық

    бақылау департаменті»

    республикалық мемлекеттік мекемесі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қызылорда облысының ауыл

    шаруашылығы және жер қатынастары

    басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.