Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 2 мамыр 2025 ж.
Қаратөбе ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 «Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратөбе ауданы әкiмiнiң «Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3463 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
|
2
|
№ 270
|
Аққозы ауылы, Бесоба ауылы, Баекес, Нұржаубаз, Хасан ағашы, Батпаншар қыстақтары
|
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі, 64 құрылыс, «Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің Бесоба ауылдық кітапханасы
»;
2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қаратөбе ауданының әкімі
К. Суйеугалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қаратөбе аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.