Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орфандық аурулармен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша илопрост (вентавис) және руксолитиниб (джакави) дәрі-дәрмектері тегін берілсін.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы
Қ. Қазанбаев
Енгізуші:
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
У. Ахметов
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
А. Қырықбаев
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы
М. Сембеков
Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Ж. Мұхамеджанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.