«Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Донорларға бір реттік қан донациясы үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша көтермелеу берілсін.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Жусупов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.