«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 29 сәуірдегі

    № 132 бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасында

    пайдалануға ұсынылатын, мал

    шаруашылығы саласындағы

    селекциялық жетістіктердің

    мемлекеттік тізілімін жүргізу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері

    № р/с
    Об­лы­стар­дың рет­тік нө­мі­рі
    Әкім­ші­лік об­лы­стар­дың ата­у­ла­ры
    1
    2
    3
    1
    15
    Абай
    2
    1
    Ақ­мо­ла
    3
    2
    Ақ­тө­бе
    4
    3
    Ал­ма­ты
    5
    4
    Аты­рау
    6
    5
    Ба­тыс Қа­зақ­стан
    7
    6
    Жам­был
    8
    16
    Же­ті­су
    9
    7
    Қа­ра­ған­ды
    10
    8
    Қо­ста­най
    11
    9
    Қы­зы­лор­да
    12
    10
    Маң­ғы­стау
    13
    12
    Пав­ло­дар
    14
    13
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
    15
    11
    Түр­кі­стан
    16
    17
    Ұлы­тау
    17
    14
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.