«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2025 ж.

    «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.».

    мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

    «11-1. Білім беру ұйымының басшысы жыл сайын ҰБДҚ толтыру және өзектендіру үшін жауапты адамдарды мынадай тәртіппен айқындайды:

    1) «Тіркеу мәліметтері/Білім беру процесі туралы негізгі мәліметтер/Білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтер/Қосымша мәліметтер/Контингент» бөлімдерін директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

    2) «Қызметкерлер» бөлімін штат кестесінде болған жағдайда кадр мәселелері жөніндегі инспектор толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

    3) «Материалдық-техникалық база» бөлімін директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

    4) «Кітапхана» кіші бөлімін кітапханашы толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

    5) «Компьютерлендіру» кіші бөлімін директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, жүйелік әкімші толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам;

    6) «Жатақхана/интернат» кіші бөлімін жатақхана меңгерушісі, директордың шаруашылық ісі-жөніндегі орынбасары толтырады. Болмаған жағдайда - басшы айқындайтын адам.».

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Г. Бейсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.