Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 сәуір 2025 ж.

    Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

    «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 24 сәуірдегі № 76

    қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысының 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемі

    Суб­си­ди­я­лау түр­ле­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­ла­на­тын кө­лем
    Суб­си­ди­я­лар со­ма­сы (тең­ге)
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар
    1.1
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    тонна
    80
    21 600 000,0
    1.2
    Бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    20
    5 700 000,0
    1.3
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    74
    15 540 000,0
    1.4
    Жай­ын тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    6
    1 260 000,0
    2
    Балық өсіру материалдарын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
    2.1
    Тұқы тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры­ның ша­ба­ғы (30 грам­ға дей­ін)
    мың дана
    225,0
    3 375 000,0
    2.2
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры­ның ұрық­тан­ған уыл­ды­ры­ғы
    800,0
    4 000 000,0
    2.3
    Ал­бырт тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры­ның ша­ба­ғы (10 грамм­ға дей­ін)
    12,0
    300 000,0
    2.4
    Бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры­ның ша­ба­ғы (10 грамм­ға дей­ін)
    9,0
    2 250 000,0
    3
    Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
    3.1
    Ба­лық өсі­ру-био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме­сі
    да­на
    7
    925 000,0
    4
    Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
    4.1
    Бе­кі­ре тұқым­дас ба­лық­тар және олар­дың бу­дан­да­ры
    да­на
    200
    6 000 000,0
    Барлығы:
    62 210 000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.